Ел өміріндегі ең маңызды оқиға

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы-еліміздің өміріндегі ең маңызды, ең елеулі оқиға болып табылады.  Бір жағынан бұл ел азаматтарының бақ-берекесін арттыру жолындағы ұлтымызды ұйыстыратын маңызды белес. 

Отыз жылда жеткен жетістіктер елдің бірлігі үшін өлшеусіз қызмет еткен еңбеккерлердің еселі еңбегінің жемісі.  Ел-жұрт үшін ең маңыздысы-тұрақтылық, тыныштық, ауызбіршілік, татулық.  Қоғамда татулық болмаса бар жұмыстың бәрі бекер болар еді.  Ел береке-бірлігін сақтамасақ, Тәуелсіздіктің баянды болуы да екіталай.

Елімізде тұрақтылықты нығайту жолында  республика көлемінде Ассамблея мүшелері, ақсақалдар, ардагерлер, аналар кеңестері, жастар ұйымдары табанды еңбек етуде.

Ассамблеяның 30 жылдығы Қазақстан үшін аса маңызды деп ойлаймын.  Ол ел-жұрт үшін елеулі оқиға.  Қазақстан халқы Ассамблеясы елдің бірлігі мен тұрақтылығын нығайтуға зор үлес қосты.

Г.Акбейсова,

Жалғансай орта мектебінің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT