Махамбет ауданында “Таза Қазақстан” акциясы аясында экологиялық жағдайды жақсарту, табиғи қорларды сақтау және ауданның жасыл желектерін көбейту мақсатында- 14325 тал егу жоспарланды. Бүгінгі таңда ауданда - 9400 тал егілді, бұл жоспарланған көлемнің шамамен 71 %-ын құрайды.
26 сәуір күні жоспарланған 600 талдың 400-і егіліп, ауа райының қолайсыздығына байланысты, жұмыстар тоқтатылды. Алдағы уақытта ауданда аталған бағытта жұмыстар жалғасатын болады.