Ел дамуының жаңа кезеңіне қадам

Жаңа Конституциялық жоба – еліміздің болашағына бағытталған маңызды әрі уақыт талабына сай бастама деп ойлаймын. Бұл өзгерістердің басты мақсаты – халықтың үнін есту, әділдік пен ашықтықты күшейту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғау. Қарапайым тұрғын ретінде мұндай қадамдар қоғамға сенім береді.
Ұсынылып отырған өзгерістер жергілікті басқару жүйесінің рөлін арттырып, мәслихаттар мен сайланған өкілдердің жауапкершілігін күшейтеді. Бұл өз кезегінде елді мекендердегі өзекті мәселелердің дер кезінде көтеріліп, шешілуіне мүмкіндік береді. Әсіресе ауыл-аймақтағы жол, су, медицина, жұмыс орындары сияқты мәселелерге нақты көңіл бөлінсе, халықтың тұрмыс сапасы жақсаратыны анық.
Конституция – мемлекеттің тірегі, ал оны жаңарту – ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басу. Сондықтан бұл жобаны қолдаймын. Әрбір азамат белсенділік танытып, өз пікірін білдірсе, ортақ шешім қабылдауға үлес қосады деп сенемін. Бірлік пен жауапкершілік болса, нәтижесі де оң болады.
Гүлнар Бекбаева, 
аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT