Егіс көлемі 1,8 есеге артты

ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БАСТЫ САЛАСЫ - АУЫЛ ШАРУА- ШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫНА ҮКІМЕТ, ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАР ТАРАПЫНАН КӨРСЕТІЛЕТІН ЖЕҢІЛДІКТЕР – СУБ­СИДИЯЛАР ТӨЛЕУ, ЛИЗИНГКЕ ТЕХНИКАЛАР, ӨҢДЕУ КӘСІП- ОРЫНДАРЫНЫҢ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАРЫН АЛУЛАРЫНА НАҚТЫ ҚОЛДАУЛАР КӨРСЕТІЛУІ ИГІ ӘСЕРІН ТИГІЗУДЕ.

Биылғы жылы ауданда 4505 га жерге 71 шаруашылықта және жеке секторда 200 га жерге картоп, 1075 га жерге көкөніс, 530 га жерге бақша мен 2700 га жерге мал азықтық дақылдар егілді. Өткен жылы су тасқынына байланысты егістік алқаптарының көлемі 2388 гектарды ғана құраса, биыл бұл көрсеткіш 1,8 есеге артып отыр.

Жаңа технологияларды енгізу және зама­науи техникалармен суды үнемдеуді қамту жұмыстары бағытында биылғы жылы тамшы­латып суару әдісімен барлығы 1700 гектарға, ал жаңбырлатып суару технологиясы әдісі мен 2303 гектарға жеткізілді.

Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің берген мәліметіне сәйкес, күні бүгінге егілген егістіктің 506 гектары жиналып, 8758 тонна өнім алынған. Атап айтсақ картоп - 150 тонна, көкөніс - 3564 тонна, бақша - 3280 тонна, мал азықтық дақылдар 1764 тоннаны құраған. Шаруашылық құрылымдарындағы егістік жұмыстарына квота арқылы шетелдік 313 азаматқа сұраныс берілген.

Көктемгі дала жұмыстарына 1 2 шаруашылықтың 260 тонна жеңілдетілген дизель отынына берген сұранысына сәйкес алынып берілген. Сонымен қатар 11 шаруа қожалығы ағымдағы жылдың егістік науқанына 270 тонна аммиак селитрасына сұраныс беріп, келісім шартқа отырып, тасымалданды.

Алдағы күзгі жиын-терім науқанына тағы қосымша 12 шаруашылыққа 155,2 тонна жеңілдетілген дизель отынына сұраныс беріліп, қазіргі таңда келісім шарттары жасақталуда.

Ауданда 9 жайылымды суландыру жүйесі (каналдар) бар. Олардан тауарлы су тұтынуға «Табиғат» РМК мекемесімен 48 шаруа қожалық келісімшартқа отырды.

ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНА СУБСИДИЯ

2025 жылдың жыл басынан күні бүгінге дейін облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасынан аудан шаруагерлеріне 303 667,6 мың теңге субси­дия төленіп отыр. Оның ішінде селекциялық жұмыстарға, сүт, шұбат өнімінің шығынын өтеуге, асыл тұқымды мал сатып алуға 9 ша­руа қожалығына 135 517,4 мың теңге субсидия төленді.

Инвестициялық салынымдар кезінде жұмсалған шығынның бір бөлігін өтеуге төленетін субсидияға 11 шаруашылық ие болып, төленген қаржысы 106 313,7 мың теңгені құрады.

Сондай-ақ егін шаруашылығы бойынша да тауарлы су тұтыну шығынын өтеу бой­ынша 20 шаруашылыққа 47 836, 3 мың теңге, тыңайтқыштардың шығынын өтеу бойынша 9 шаруашылыққа 14 000,2 мың теңге субсидия төленіп отыр.

ӨЗ ТІЛШІМІЗ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT