Ауылдың көркеюі – ел дамуының айнасы

ҚАЗІРГІ ТАҢДА МАХАМБЕТ АУДАНЫ БОЙЫНША 123 ШАҚЫРЫМ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ, 81,4 ШАҚЫРЫМ ОБЛЫСТЫҚ, 260 ШАҚЫРЫМ АУДАНДЫҚ МАҢЫЗДАҒЫ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАР. РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖОЛДАРДЫҢ 100 ПАЙЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ЖӘНЕ АУДАНДЫҚ ЖОЛДАРДЫҢ 95,9 ПАЙЫЗЫ ЖАҚСЫ ЖӘНЕ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДА. АТАЛҒАН КӨРСЕТКІШ ЖАҢА МӨЛТЕК АУДАНДАРДАҒЫ, БОЛАШАҚТА САЛЫНА­ТЫН ЖОЛДАРДЫ ҚОСПАҒАНДА. СОНЫМЕН ҚАТАР АУ­ДАНЫМЫЗДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖӘНЕ ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ БОЙЫНША БІРҚАТАР ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ.

Соның ішінде Таңдай ауылының 6,1 шақырым жаяу жүргіншілер жолы, ауылішілік автомобиль жолдарының күрделі жөнделуіне 500 000,0 мың теңге қаржы бөлінген болатын. Мердігер мекеме «АБС Лимитед» ЖШС құрылыс жұмыстарының 100% орындады. Қазіргі таңда жаяу жүргіншілерге арналған жол және арнайы жол белгілері де қоса орна­тылу үстінде.

Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы 2021 жылы 22 сәуірдегі кеңесте «Таяу арадағы екі жыл ішінде өңірдің барлық ауылдық елді мекендерін сапалы ауыз сумен жабдықтаумен қамтамасыз ету ке­рек» деп тапсырма берген еді. Соның аясында аталған ауылдық округтің Ес­махан, Көздіқара елді мекендерінде таза су желісінің құрылысы толықтай аяқталып, мамыр айында пайдалануға берілген болатын.

Спорт – денсаулық кепілі десек, ауыл тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастырып, спортпен шұғылдануына мүмкіндік беретін 150 орындық спорт кешенінің құрылысы да аяқтала келді. Енді спорт кешеннің ішкі жұмыстары да бітіп, ел-жұрттың игілігіне беретін күн алыс емес.

Халықты осындай жоспарланған жұмыстар жүзеге асып жатқаны қуантады. Ауыл тұрғындары да округтегі бітіп жатқан, халық игілігіне берілгелі жатқан жұмыстарға дән риза.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT