Еңбекпен өркендеген елдің болашағы жарқын

Биылғы жылды Жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау – қоғам назарын нақты іске, адал еңбекке бұрған маңызды бастама.
Өйткені елдің өркендеуі, ауылдың ажарлануы, әрбір шаңырақтың берекесі – қарапайым еңбек адамдарының маңдай терімен тығыз байланысты.

Махамбет ауданында түрлі салада тынымсыз тер төгіп жүрген механизаторлар, құрылысшылар, дәнекерлеушілер мен жүргізушілер – ауданның дамуына өз үлесін қосып жүрген нағыз еңбек майталмандары. Олардың әр күні – қажырлы еңбек, әрбір жетістігі – ел игілігі.

Бүгінгі таңда жастар арасында жұмысшы мамандықтарына деген қызығушылық арта бастағаны қуантады. Себебі нағыз жетістік – қоғамға пайда әкелетін іспен айналысуда. Адал еңбек – абыройдың бастауы, еткен еңбектің өтеуі еленбей қалмайды.

Жұмысшы мамандықтар жылы – еңбектің қадірі мен кәсіптің қасиетін ұғындырған ерекше кезең. Әрбір жас өз туған жерінде еңбек етіп, кәсібі арқылы ел дамуына үлес қосса, бұл – ауданның да, мемлекеттің де ең үлкен жетістігі. Адал еңбекті ар тұтқан ұрпақ қана – болашақтың жарқын кепілі!

А.Тілегенов,

Махамбет аудандық Жастар ресурстық орталығының іс-шара үйлестіруші маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT