«Еңбегі ерен Елбасы»

Осындай тақырыппен аудандық балалар кітапханасында Тұңғыш Президент күніне арналған тақырыптық кеш өтті. Кешке Д.Тленов мектеп-гимназиясының оқушылары, ұстаздар, кітапханашылар қатысты.

  Кешті аудандық кітпахана директорының балалармен жұмыс жөніндегі орынбасары Зада Енбаева ашып, жиналғандарды мерекемен құттықтап, дербес мемлекет ретінде қалыптасуға Елбасының еңбегі зор екенін, жеткен жетістіктер, оң өзгерістер Тұңғыш Президенттің арқасы екенін айтты. Оқушылар Б.Нұрғалиұлы « Н.Назарбаев- Тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы», Ж.Сапаров «Нұрсұлтан Назарбаев-ұлт көшбасшысы», Е.Тегісбаева «Елбасы Н.Назарбаев-дүниеге аты әйгілі дипломат», Д.Бекболсын «Елбасы Н.Назарбаев –әлемге танылған үздік реформашы», Х.Жексенұлы «Елбасы Н.Назарбаев –ұлт мәдениетінің жанашыры» тақырыптарында баяндама жа¬сады. Сонымен қатар Д.Төленов мектеп- гимназиясының мұғалімі О.Гарифуллина да Елбасының бастамалары, жаңашылдығы, ұлт көшбасшысы ретіндегі ойларымен бөлісті. Елбасының елдегі оң өзгерістерге мол үлес қосқанын айтты. Кітапханашы Г.Ескалиева «Ұлтты ойлаған ұлы тұлға» атты кітап көрмесін таныстырды.

Иә, отыз жыл ішінде Елбасы Қазақ елінің көркеюі, гүлденуі үшін орасан зор еңбек сіңірді. Қазақстанды күллі әлемге танытты. Кезінде белгілі қоғам қайраткері алаш қайраткерлерінің бірі Х.Досмұхамедұлы «Өз жұртына жұмыс істеп, еңбек сіңірген адамдарды қадірлеу –елдіктің белгісі» деген екен. Өз ұлты үшін қызмет еткен ел ағаларының, Елбасының еңбегін, ерлігін,жанқиярлық ізгі істерін бағалау, насихаттау –парыз деп білеміз.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT