Азаматтардың құқықтары – басты орында

Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Ел еркіндігі Қазақстан тәуелсіздіктің бесігінде тербеліпжатқанына 30 жыл.

Осы уақыт аралығында Қазақстанәлемде жеке дара дербес ел екенін дәлелдей білді. Ағымдағы жылдың 6-шы желтоқсанында прокуратура конституциялық өкілеттіктерін жүзеге асыруы мен республикамыздың аумағында заңдылықтыңсақталуына жоғары қадағалау жүргізгеніне 30 жылтолды.

​Қазақстан Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясына сәйкес Қазақ КСР-ның Жоғары Кеңесінің 6 желтоқсан 1991 жылғы қаулысымен еліміздің тәуелсіз прокуратура органдары құрылған болатын. Осығанбайланысты Бас прокурордың 25 ақпан 2004 жылғыбұйрығымен 6 желтоқсан Қазақстан Республикасыныңпрокуратурасы құрылған күні ретінде жарияланып, жылсайын атап өтілуде.

Махамбет аудандық прокуратурасы да ауданда алғаш шаңырақ көтерген 1938 жылдан бастап жұмыс жасаған болатын. Қолда бар деректерге қарағанда мұнда ХалитОрақов, Бисенбі Бисенқұлов, Райхан Көшмұқанов, Сағидолла Баконов, Ысмағұл Тәпішов, Әліп Әбуов, Кеңесқали Ахметжанов, Ғизатолла Мұрсалиев, ҚарымсақСалықов, Аян Орақов, Бақытбек Қалмұратов, АманжолБекенбаев, Болат Қуантыров, Алмат Бақриденов, АлтынбекЖұмабековтер аудан прокуроры болды.

Аға ұрпақ өнегесіне адал ауданның бүгінгі прокурорлары да уақыт талабына сай жұмыс істеп, заңның үстемдік құруы үшін еңбек етіп келеді. Аудан көлемінде прокурорлық шараларымен 19 млн теңге нақты өндіріліп, 53 млн теңгенің мүлкі мемлекетке қайтарылып, 12 мыңға жуық адамның құқықтары қорғалды. Ата-анасыныңқамқорлығынсыз қалған 11 баланың конституциялыққұқықтары қорғалды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қоюжеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығаруқажет. Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттіңжаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымызкерек», - деген болатын.

Президенттің Жолдауында айтылған жаңа форматтағы қылмыстық процестің басты мақсаты – үш буынды моделі қалыптасты. Бұл модель арқылы азаматтардың құқықтары дер кезінде қорғалды. Осы орайда, аудан тұрғындарын Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, прокуратура органдары ел игілігі үшін жасалатын жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра беретіндігіне сендіреміз.

Нариман ЕШМАНОВ,

Махамбет ауданының прокуроры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT