Дәрігер еңбегін бағалау – сапалы медицинаның негізі

Дәрігер – қоғамдағы ең жауапты әрі құрметті мамандықтардың бірі. Адам өмірі мен денсаулығы тікелей осы сала қызметкерлерінің білімі мен адалдығына байланысты. Сондықтан елімізде дәрігер мәртебесін көтеру – мемлекет үшін аса маңызды міндет.

Соңғы жылдары дәрігерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты шаралар қабылданып жатыр. Еңбек ақының көтерілуі, жұмыс жағдайының жақсаруы, құқықтық қорғаныстың күшеюі – соның айқын дәлелі. Бұл қадамдар медицина саласындағы мамандардың еңбегін бағалап қана қоймай, жастарды осы мамандықты таңдауға ынталандырады. Сонымен қатар, дәрігерге деген қоғамдағы сенім мен құрметтің артуына да ықпал етеді.
Дәрігер мәртебесін көтеру – халық денсаулығын нығайтудың басты кепілі. Мемлекет тарапынан басталған бұл жұмыстар өз жалғасын тауып, жүйелі түрде іске асса, медицина сапасы да арта түседі. Ал дені сау ұлт – ел болашағының берік негізі.

 

Г.СӘДУАҚАС

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT