Мемлекеттік қолдау арқылы жаңа бизнес жобасы іске асырылуда

Алға ауылының тұрғыны Тургаева Айдана Асқарқызы көпбалалы отбасы мәртебесіне ие, жеке кәсіпкер. Ол «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негіздері курсын аяқтап, 2023 жылғы 28 ақпанда сертификат алған.

2024 жылы Айдана Асқарқызы жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік қайтарымсыз гранттың иегері атанып, «Ауыз суды тазартуға арналған құрылғыны сатып алу» бағыты бойынша өз жұмысын бастады.

Жоба аясында жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған бір азамат жүк тасушы қызметіне тұрақты жұмыспен қамтылып, жаңа жұмыс орны ашылды. Аталған жоба ауыл тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге және халықты жұмыспен қамту көрсеткішін арттыруға бағытталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT