Достық пен сенімге негізделген жол

Сурет: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Достық – Мойынты» теміржолының екінші желісін іске қосу рәсіміне қатысып, ел дамуындағы маңызды оқиғаға бастамашы болуы – еліміздің көлік-логистика саласындағы жаңа белесті айқындайтын тарихи сәт.

Бұл – Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырып, халықаралық сауда жолында ел мүддесін қорғауға бағытталған ірі инфрақұрылымдық жоба. Президентіміз атап өткендей, теміржол торабы – тек экономикалық емес, ел мен елдің арасындағы достықтың, өзара сенім мен тұрақты әріптестіктің нышаны.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бері ел игілігі үшін еңбек еткен ардагерлер қауымы мемлекетіміздің осындай ілгері қадамдарына әрдайым қуана қолдау білдіреді. «Достық – Мойынты» теміржолы – бүгінгі ұрпақтың еңбегімен ертеңге жол ашқан үлкен жетістік. Бұл жоба – еліміздің экономикалық қуатын арттырып қана қоймай, ұлт мерейін өсіретін маңызды бастама.

Махамбет аудандық ардагерлер кеңесі ел Президентінің сындарлы саясатын толық қолдай отырып, Қазақстанның дамуына, достық пен ынтымақтастыққа бағытталған мұндай істердің ел болашағы үшін зор маңызға ие екенін атап өтеді.

 

С.ЖАЙЛАШЕВ,

Махамбет аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT