Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялаған болатын. Президент Жолдауында ерекше атап өтілген басты мәселелердің бірі – әділетті қоғам құру. Бұл бағытта заң үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау жүйесін жетілдіру және жемқорлықпен жүйелі күресу қажеттігі айтылды. Өйткені заң бәріне бірдей қызмет еткен жағдайда ғана халықтың билікке деген сенімі артып, мемлекетіміздің тұғыры бекиді.
Әділетсіздік жойылмайынша, қоғамда даму да, тұрақтылық та болмайды. Сондықтан Президенттің әділеттілікке негізделген бастамалары – болашаққа жол ашатын шешуші қадам. Бұл ретте әрбір мемлекеттік орган, әрбір қызметкер халық мүддесін қорғауды басты міндет етуі тиіс.
Әділетті қоғам – тек заң мен тәртіптің сақталуы емес, ол ең алдымен азаматтардың тең мүмкіндігі, адал еңбекке лайықты баға берілуі, халық үніне құлақ асу мәдениеті. Жолдауда көрсетілген бастамаларды орындау арқылы біз халықтың сеніміне сүйенген, шынайы әділет орнаған мемлекет құра аламыз.
Е.СҰЛТАНОВ
Бақсай ауылдық округі әкімі