Махамбет аудандық ауруханасына медициналық диагностикалық кешен келді.
Негізгі мақсат - шалғай орналасқан ауылдардағы халыққа медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.

-Кешен терапевт, жалпы тәжірбиелік дәрігерімен қамтыла отырып, рентген, УДЗ, ЭКГ, көз қысымын өлшейтін, талдау жүргізу үшін қан анализдерін алуға мүмкіндік беретін құрылғылармен, гинекологиялық кресломен жабдықталған, - деді аудандық аурухана директорының орынбасары А.Бекесова.

29 қазан күні Сарытоғай елді мекеніне барып, келген халықты тексерістен өткізді.


Бүгін, яғни 30 қазан күні Ақтоғай ауылына бару жоспарланып отыр.
Қ.АЙТҚАЛИЕВ

