Депутаттар Махамбет аудандық ауруханасына оттегі аппаратын тарту етті

Халық қалаулылары Түркия елінен 15 дана оттегі аппаратын алдырып, аудандарға тарату жұмысын бастаған-ды.

Коронавирус індетімен күресуде алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге қолдау толастар емес. Көмек қолын созушылардың қатарында еріктілер, кәсіпкерлер де бар. Сондай-ақ халық қалаулылары да өз тарапынан қолдарынан келген көмектерін көрсетуден аянып қалмауда. ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Б.Ізмұхамбетов пен Сенат депутаты Ғ.Дүйсембаев және Атырау облыстық мәслихат депутаттары Түркия елінен 15 дана оттегі аппаратын алдырып, аудандарға тарату жұмысын бастаған-ды. Соның екеуі бүгін Махамбет ауданына жеткізілді. Осылайша аудандық аурухана қос аппаратпен толықты.

d

Елдегі қалыптасқан ахуалға байланысты Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа жариялаған Үндеуінде де, соңғы өткен ведомстоаралық комиссияның мәжілісінде де өзінің нақты тапсырмаларын берген болатын. Соған орай Атырау облысы әкімдігі бастап көптеген шараларды қолға алды. Нәтижесінде шілде айындағы індеттің өршуі бәсеңдеп, облыстағы күрделі эпидемиологиялық жағдайдың аз да болса тұрақталып келе жатқандығы белгілі.

t

«Бүгінгідей қиын кезде біраз отбасының әлеуметтік жағдайы төмендейтіні белгілі. Сондықтан Үкімет, кәсіпкерлер тарапынан аз қамтылған, тұрмысы қиын жанұяларға барлық көмек көрсетіліп келеді. Оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасын көбірек пайдалану керек. Бұл жобаның жүргізілуін де біздің депуттаттар қадағалап отыр. Азық-түлік бағасының өспеуіне, дәріханадағы дәрілердің шектік бағадан аспауына біз «халықтық бақылау» орнататын боламыз. Ел болып біріксек бұл індетті де жеңеміз. Алдағы уақытта та мұндай қолдаулар жалғасын табатын болады»,- деді Атырау облыстық мәслихатының хатшысы Өмірзақ Зиноллаұлы.

d

Оттегі аппараты табысталғаннан кейін мәслихат хатшысы емхананың жұмысымен танысып, аудан орталығындағы дәріханаларды аралап, дәрі-дәрмектің бағасын, жеткіліктілігін тексерді.

deputattankomek2374

Сонымен қатар, бұл күні аудандық ауруханаға Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінен гуманитарлық көмек, аудан орталығындағы «Молшылық» азық-дүкенінен 40 дана 5 литрлік таза су берілді. Мұнай және газ университеті әкелген гуманитарлық көмекте жеке гигиеналық қорғаныс заттары, бетперде, респераторлар, арнайы медициналық киімдер, қызу түсіретін дәрілер және тағы басқа қажетті заттар бар.

d

- «Мейірім - көршілестік» акциясы аясында Астрахан облысынан 250 кг гуманитарлық көмек келген болатын. Университет басшылығы бұл көмекті Махамбет және Индер аудандарына таратуға шешім қабылдады. Осындай сағатта көмектескен Астрахан облысындағы «Каспий-Еуразия» орталығына, Астрахан мемлекеттік техникалық университетіне және Каспий маңы университеттері Ассоцациясына өз алғысымызды білдіреміз,- дейді университеттің жастар саясаты және мәдениет бөлімінің жетекшісі Абылай Құрметұлы.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521