Демократиялық жүйені мазмұнмен толықтыратын маңызды өзгеріс

Бұл құжат мемлекеттің емес, қоғам мен азаматтың мүддесін алдыңғы орынға қояды. Бұрын Конституция мемлекет қалыптастыру логикасына сүйенсе, енді кемел қоғам құру, адам қадірі мен биліктің халық алдындағы жауапкершілігі басты қағида ретінде бекітіліп отыр.
Жаңа жобада халықтың саяси мәртебесі түбегейлі жаңаша айқындалды. Халық енді биліктің жай ғана бастауы емес, ел тағдырына тікелей ықпал ететін егемендік иесі ретінде танылды. Бұл — демократиялық жүйені мазмұнмен толықтыратын маңызды өзгеріс.
Мемлекетке деген көзқарас та өзгерді. Мемлекет өзіндік мақсат емес, азаматтардың еркі мен сұранысын жүзеге асыратын тетік ретінде қарастырылады. Яғни биліктің қоғамға қызмет етуі тиіс деген ұстаным Конституциялық деңгейде нақты бекітілді.
Бұл өзгерістер әділетті, ашық және жауапты қоғам қалыптастыруға бағытталған. Сондықтан мен жаңа Конституция жобасын қолдаймын.
Биғайша Құмарова
Махамбет ауданы Бақсай ауылдық округі Аналар кеңесінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT