Жаңа Конституциялық жоба – еліміздің саяси жүйесін жаңғыртуға, халық пен билік арасындағы сенімді нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Ұсынылып отырған өзгерістердің басты мәні – әділетті, ашық және жауапты мемлекет қалыптастыру. Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтарының күшеюі, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдіктің нақты айқындалуы – демократиялық қоғамның басты көрсеткіші.
Бұл жоба азаматтардың мемлекет басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, жергілікті өзін-өзі басқару институттарының рөлін арттыруға жол ашады. Мәслихаттар мен өкілді органдардың жауапкершілігі күшейіп, халықтың үні естіле бастайды. Бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нақты іске асуы.
Конституциялық реформа – тек құқықтық құжатты өзгерту емес, ол елдің болашағына жасалған инвестиция. Сондықтан әрбір азамат бұл бастаманың маңызын түсініп, белсенді азаматтық ұстаным танытуы қажет. Бірге талқылап, бірге шешім қабылдау – жарқын болашақтың кепілі.
Шынаргул Измагамбетова,
Махамбет аудандық кітапхана басшысы, мәслихат депутаты
Бірге талқылап, бірге шешім қабылдау – жарқын болашақтың кепілі
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- : 19


