Демалыс күндері Атырауда аптап ыстық болады

Күндіз 13-15 тамызда Атырау облысының шығысында 42 градус өте қатты ыстық күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті төмендегі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

- күн сәулесі тікелей түсетін жерлерде мүмкіндігінше аз болуға тырысыңыз. Есіңізде болсын, сағат 12:00-ден 16:00-ге дейінгі уақытта күннің сәулесі белсенді болады. Денені күн сәулесінен қорғап, жабық ақ киім киюге тырысыңыз;

- алкогольді ішімдік ішпеңіз – алкоголь ыстықта ағзаға тез әсер етеді және дене жоғары температураға сезімтал болады;

- сұйықтықты (салқындатылған су, минералды су) мүмкіндігінше көп ішуге тырысыңыз;

- балаларды авто көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін;

- орманда жанып тұрған сіріңкелерді, темекі тұқылдарын, бықсыған шүберектерді тастамаңыз;

 - орманда майланған немесе бензин, керосин немесе өзге де жанғыш заттар сіңген сүрту материалдарын қалдырмаңыз.

Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сіздің өміріңізге қауіп төнгендей жағдай болса, «112», «101» бірыңғай құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз (қоңырау шалу тегін).

 

Фото:ашық дереккөзден

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз