№218 референдум учаскесінде дауыс беру жалғасуда. Референдум учаскесінің төрағасы Н.Сапенованың айтуынша жалпы 1529 дауыс беруші тіркелген.
Дауыс берушілер арасында мұғалім Қамбар Түсекенов, аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлза Хайрушева, аудандық мәслихат төрағасы Қайыржан Мәжиев, депутаттар Шынар Ізмағанбетова, Ерлан Қуанышевтар да учаскеге келіп, өз таңдауларын жасады. Учаскеге көпбалалы аналар, мемлекеттік қызметшілер, өрт сөндірушілер, еңбек ардагерлері де көптеп келуде.
А.ТЕКЕБАЙ