Махамбет ауылындағы Д.Төленов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп ғимаратында орналасқан №217 референдум учаскесінде 1102 дауыс беруші тіркелген. Сағат 13:00-дегі ақпарат бойынша олардың 60 пайызға жуығы таңдау жасап үлгерген.
Аталған референдум учаскесіне келіп өз таңдауын жасағандардың бірі - кәсіпкер, меценат, Махамбет ауданының Құрметті азаматы Бағытжан Габдуллин.
— Бүгін - өте маңызды күн, еліміздің әр азаматы өзінің конституциялық құқығын пайдаланып, өз дауысын бере алады. ТМД және Орталық Азияда АЭС салу мәселесі бойынша референдум алғаш рет өтіп жатқаны мәлім. Бұл негізі көп нәрсені аңғартады. Сондықтан әркім таңдау жасаудан қалыс қалмағаны абзал. Референдум учаскелеріндегі белсенділік - халықтың ел ертеңіне деген жауапкершілігін көрсетеді,- деді кәсіпкер.
Айта кетейік, Махамбет ауданы бойынша 17 065 адам дауыс беру құқығына ие. Референдум күні ауылішілік қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдайды.
Қ.БАҒЫТ