№234 референдум учаскесіне 627 адам тіркелген

Ақтоғай елді мекеніне қарасты №234 референдум учаскесінің төрағасы Жанаргүл Жумиеваның айтуынша,  жалпы дауыс беруге құқығы бар 627 адам тіркелген.  

Дауыс беруге  ауыл тұрғындары балаларымен, немересін ертіп, жанұяларымен келді.  Мәселен, Ташекенов, Сақтаповтар отбасыларымен келіп,  өз таңдауын жасап үлгерді.   Ең қарт дауыс беруші  ауылдың абыз  ақсақалы, ауылдық ардагерлер ұйымының төрағасы  Қажымұрат Батанов атамыз болды.  Ардагер-ұстаз Орынша Шолахова апамыз да науқаннан қалыс қалмай, өз таңдауын жасады. Референдум  учаскесінде сағат 11-ге дейін 120 болса, ал сағат 12-ден кейін дауыс берушілер саны 247-ге жетті.   Округке қарасты үш елді мекен-Атамбаев, Кеңөріс, Бала Ораз елді мекендерін қосқанда  77  адамға үйден дауыс беруге бюллетень жәшігі апарылды. 

А.ТЕКЕБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT