Бұдан бұрын атыраулықтар 22 наурызда қоғамдық көлікте тегін жүретінін жазған болатынбыз.
Атырау қалалық әкімдігі Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай тұрғындар мен қонақтарды қоғамдық көлікте тегін тасымалдау жөнінде бастама көтерген.
«Бұл бастамаға жолаушы тасымалдайтын кәсіпорындардың басшылары қолдау білдірді. Әкімдік пен кәсіпорындар арасындағы келісімге сәйкес бүгін, 22 наурызда Атырау қаласындағы барлық бағытта жолаушы тасымалдайтын қоғамдық көліктерде жолақы тегін болады. Бұл мүмкіндікті жас ерекшелігіне қарамастан барлық жолаушы пайдалана алады», -деп мәлім етті әкімдіктің баспасөз қызметі.
Ал, өнерпаздар автобустарда жолаушыларға мерекелік көңіл күй сыйлап, әннен шашу шашты.