Буырқанған бояулар әлемінде

Фото: zh-shugylasy.kz

Аудандық тарихи-өлкетану музейінде дауылпаз ақын, батыр Махамбет Өтемісұлының 220 жылдығына орай «Ұлы арман» атты облыстық суретшілер байқауы өтті.

 Аудан әкімінің қолдауымен өткізілген байқау қылқалам шеберлерін қолдау, дамыту, шығармашылығын насихаттау мақсатын көздеді . Облыстық байқауға 7 үміткер қатысып, бақ сынады.

Суретшілер додасына халық аралық суретшілер байқауларының жеңімпаздары, халықаралық ЮНЕСКО құрамындағы суретшілер мүшелері Бақтияр Асылбек, Мейрбек Жағыпашев сынды сарапшылар қазылық етті.

Байқау қорытындысында бас жүлдені және 300 мың теңге серти­фикатын «Қайран Нарын» туынды­сымен атыраулық суретші Отарбай Кендір жеңіп алды. Жүлделі 1 орын мен 200 мың теңге сыйлық Нұрбол Габдешовке бұйырды. Жүлделі 2 орынды суретші Шайдулла Ганиев алып, 150 мың теңге сыйлықтың иесі атанды. Ал жүлделі 3 орын мен 100 мың теңгелік сыйлықты Исатай Маемеров, Нұрсұлтан Ка­лиевтер қанжығасына байлады. Со­нымен қатар, Аманқос Абилхасов пен Айса Утаралиев «Алғыс хатпен» марапатталды.

А.ТЕКЕБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT