Балаларға базарлық

Фото: zh-shugylasy.kz

№2 арнайы мектеп-интернатында балаларға арналған жаңа жылдық кеш өтті.   КТК  «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ бас директорының орынбасары Қ.Мақсотұлының  демеушілігімен балаларға қыстық киім-кешектер және тәттілер үлестірілді. 

Алғашқы боп сөз кезегін алған мектеп- интернат  директоры  Үміт Қабазова балаларды мерекемен құттықтап, демеушілерге ризашылығын білдірді. Қазіргі таңда мектеп-интернатта 88 бала тәрбиеленуде.

Сондай ақ, 1-5 сынып  және 6­-9 сынып оқушылары арасында «Қош келдің, Жаңа жыл!» атты мерекелік  кеш өтті. Биші қыздар  «Қарлы көбелектер»,  «Санта клаус» билерін мың бұрала билеп,  жас әнші Диана  «Жаңа жыл» әнін тамылжыта шырқады.

Бұл  кеште де балалар елеусіз қалған жоқ. «Болашақ» компаниясы өкілдерінің өздерімен бірге ала келген Аяз ата мен Ақшақары балаларға тәттілер мен сыйлықтарын табыстады.  

Әрбір  бала махаббат  пен сүйіспеншілікке бөленіп, бақытты  балалық шақта өмір сүруге лайықты. Елдің келешегі  өсіп келе жатқан осы балаларымыз бен жастарымыздың  қолында.

Р.СЕЙТЖАНОВА 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT