Бүгін Қазақстан құтқарушыларының кәсіби мерекесі

Ширек ғасыр шежіресі.

Олардың бірлігі апатпен күресте жан аямай бірге жұмыла қимылдаған кезде көрінеді. Олардың басты міндеті — халықтың бейбіт өмірін, тұрмыстағы, өндірістегі қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, апаттық жағдайға жол бермеу. Олар - төтенше жағдай орын алған кезде қиын жағдайдан шығуына өз өмірлерін арнайтын батыл жандар. Олар кімдер? Әрине, құтқарушылар. Биыл қазақстандық құтқару қызметінің құрылғанына 25 жыл толды. 1995 жылы Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылған болатын. 2008 жылы 19 қазан заңды түрде Қазақстан Республикасының мереке күндеріне құтқарушылар күні болып тіркелді. Айтулы күнге орай Махамбет аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі мен №11 өрт сөндіру бөлімі қызметкерлері өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп,мүмкіндіктерін көрсетті.

КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН

Махамбет ауданында алғаш өрт сөндіру құрамы 1963 жылы құрылып, алғашқы бастығы болып, И.Н.Тарабрин тағайындалған-ды. Ол кезде диспетчерлік пункт болмаған, ал өрт сөндіру көлігінде төрт жүргізуші ауысыммен жұмыс жасапты. Өртке қарсы қызмет саласының ардагерлері қатарында Қ.Саубосынов, Н.Исмагулов, Е . Б и с е н ғ а л и е в , Н . Ә ж і ғ а л и е в , Б.Жолдығалиев, М.Юсупова, Б.Зейінова, С.Темірғалиев, З.Жаңабаев, М.Смадьяров, Б.Маханов, Ә.Салиев, С.Тұрғалиев, Б.Ерғалиев, С.Дүйсенов, З.Денгилов, Ж.Көшалиев, С.Досқалиев, С.Сұлтанғалиев, Қ.Жұмағалиевтар бар. И.Н.Тарабриннен кейін аудандық кәсіби өрт сөндіру бөлімінде С.Дәулетьяров, Д.Сұлтанов, Қ.Меңдіғалиев, Ә.Мұратов, Б.Сатқанбаев пен Қ.Стамғазиевтер басшылық жасады. Кәсіби өрт сөндіру бөлімімен қатар өрт қадағалау инспекциясында А.Болдырев, С.Айсанов, Қ . С т а м ғ а з и е в , Б . Қ а б д р е ш о в , Ғ.Сұпығалиев, А.Байжуматов, Қ.Қабеновтер қызмет атқарған.

poj191020-3

1997 жылы Мемлекеттік өртке қарсы қызметі ҚР Ішкі істер министрлігінен ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі к о м и т е т і н і ң ( к е й і н а г е н т т і г і , министрлігі) қарамағына беріліп, мемлекеттік өртке өрт қадағалау және өрт сөндіру салалары біріктіріліп, мекемені Е.Габдулов, Б.Салиховтар басқарды. 2005 жылдың ақпан айынан бастап өртке қарсы қызмет саласындағы құрылымдық өзгерістерге байланысты ауданда мемлекеттік бақылау және қадағалау бөлімі мен «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі филиалының №4 өрт сөндіру бөлімі болып, қайта құрылды. Кәсіби өрт сөндіру бөлімінде Т.Қабдрахманов, С.Сарин, Ә.Тажиев, Г.Тажиева, А.Күнтазиева, А.Бисенова, Т.Жолдығалиев, Р.Тайманов, С . Т о й л а н б а е в , Р . Е с е н ғ а л и е в , Б . Т і л е к қ а б ы л о в , Т . Л ұ қ п а н о в, Н.Шакимов, Б.Қажкенов, З. Жоксебаев, Р.Жұмажанұлы. Б.Үмбеталиев, Е.Мырзағалиев, Б.Имақов, Р.Бисенов, Б.Ағжановтар еңбек етіп, қазіргі күні аға буын қызметкерлері қатарында.

poj191020-1

Ал қазіргі таңда өрт сөндіру бөлімінде 30 қызметкер болса, төтенше жағдайлар бөлімінде 4 қызметкер бар. Өрт сөндіру бөлімінде бөлім бастығы мен орынбасарынан бөлек, 4 қарауыл бастығы, 4 бөлімше командирі, 5 өрт сөндіруші, 10 көлік жүргізуші, 1 газ түтінінен қорғау қызметінің аға шебері, 4 радиотелефонист жұмыла еңбек етіп келеді. Бәрі де өз ісіне жауапты. Өрт сөндіру қызметінің заманға сай құрал-жабдықтарымен жарақталған. Бөлім есебіндегі үш негізгі өрт сөндіру көлігінен бөлек, құтқару құралдары жинақталған көмекші автокөлік бар. Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері әмбебеп, еденді де өздері жуады, тамақты да өздері дайындайды, яғни барлығы да әскери тәртіпке үйренгендер. Құтқарушы болғысы келген адамға денсаулығы мен спорттық деңгейі маңызды болып табылады.

poj191020-5

Сондай-ақ мемлекеттік қызмет тестілеуінен сәтті өткендігі жөнінде сертификат алғаннан кейін спорттық норматив тапсырып, жүзбе-жүз кездесу ұйымдастырады. Содан кейін ғана қызметке қабылдау шаралары жүргізіледі. Айтып келмейтін тосыннан болған апат кезінде азаматтарға бірінші болып, көмекке ұмтылатын төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушыларына үлкен жүрек, білім мен білік және тәжірибе керек.

poj191020-4

- Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылғанына 25 жыл толуына орай барша сала ардагерлерін, құтқарушыларды бүгінгі мерекемен құттықтағым келеді. Дендеріне саулық, еңбекте жеміс, ел тыныштығы жолындағы қызметтеріне табыс тілеймін,-дейді аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі І.Сақыпқалиев.

«ӨРТ СӨНДІРУШІЛЕР СУСЫЗ КЕЛЕДІ?»

Өртке қарсы қызмет қарауылдарының ауысымы таңғы сағат 8.30-9.00 аралығында жүргізіліп, кейін сабаққа кіріседі. Кесте бойынша үш кезеңге бөлінген оқу сағаттары жүргізіледі. Нормативтер тапсыру және дене жаттығуын орындау бір сағат көлемінде өткізіліп, тамақтануға да бір сағат уақыт беріледі. Түстен кейінгі уақытта психологиялық, әкімшілік-шаруашылық, спорттық және өзге де шаралар өткізіледі. Қарауылдар өрт сөндіру көлігін және өрт техникалық жарақтарға күтім жасау, өрт су құбырын тексеру жұмыстарын күн тәртібіне сәйкес атқарады. Кешкілік уақытта жатын бөлмелеріне жайғасып, теледидар арқылы хабар тыңдап, түрлі танымдық шараларды көруге мүмкіндік алады. Демалыс уақыты 22.30-да болса, кезекшілік тапсыруға дайындық уақыты ертесіне сағат 7.45-8.30 аралығы деп белгіленген. Кезекшілік тапсырған қарауыл тобы үш тәулік демалыстан кейін қайта қарауылға түсіп, осындай жүйеде жалғаса береді. Дегенмен, бұл нақты уақыт аралығына шұғыл шақыртулар, төтенше жағдайлар өзгеріс енгізетіні белгілі.

pojar191020

Ауданда жыл басынан бері 7 өрт және 14 материалдық шығын келтірілмеген өрт оқиғасы тіркелген. Олардың барлығы да білікті мамандардың көмегімен ауыздықталған. Ел арасында «өрт сөндірушілер сусыз келеді» деген әңгіме тарағаны рас. Бұл сұраққа №11 өрт сөндіру бөлім бастығы, азаматтық қорғау капитаны Ержан Аханов: «Алты тонна суға толы көліктің шлангісінен секундына 40 литр су атқылайды. Ол су аз уақыттың ішінде бітіп қалуы да мүмкін. Сондықтан да ауылдық жерлерге барған кезде қосымша көмек ретінде су тасушы көліктерді де шақыртамыз. Кей жағдайда ұсақ өрттерге де шақырушылар болады. Тіпті өрт сөндірушілер жолға шыққанан кейін қайта хабарласып, өз беттерімен өшіргендерін, келмеуге болатындығын айтатындар бар. Бірақ қандай жағдай болмасын біздің қызметкерлер шақырту түскен жерге барып, өрттің толық өшірілгендігіне көз жеткізулері керек»,- дейді.

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты өрт сөндіру бөлімі мен төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері бір ғимарат, бір шаңырақ астында ел амандығы үшін қалтқысыз қызмет етуде.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521