Бейбарыс ауылында жаңа мешіт ашылды

Мешіт - Алланың үйі, сүйіспеншілік пен бауырмалдықтың, игілік пен ізгіліктің, бірлік пен мейірімділіктің, барша жақсылықтың тоғысқан құтты мекені.

Расында, өмірдің тіршіліксіз, ал тіршіліктің құлшылықсыз құны жоқ. Ислам діні тіршілік пен құлшылықты қатар үйлестіріп, өнегелі өмір салтын сабақтастырып, ғұмыр кешуге үндейді.

me161020-1

Бүгін Бейбарыс ауылында «Қасым хан» мешітінің салтанатты ашылуы өтті. Жаңа мешіттің ашылуына қатысқан Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің мешітті салуға ерекше үлес қосқан Тұрар Ғалымжанұлы мен Бекболат Жұмабайұлы бастаған ауыл азаматтарына ерекше алғыс білдіре отырып, Алланың разылығында болуын тіледі.

m

- «Аллаға және ақыретке иман еткендер ғана «Алланың үйін» көркейтеді» дейді. Олар мешітке келіп, Аллаға құлшылық жасайды, маңдайын сәждеге тигізіп, Аллаға мінәжат етеді. Осы мешітті салдырған адамдарға ұлы сауапты , яғни жәннаттағы үй берілетін сауапты жазсын. Мешіт бай және жетім болады екен. Мешіттің байлығы оның келетін жамағатымен көрінеді. Егер осы ауылдың тұрғындары келіп, көбірек құлшылық жасайтын болса, демек бұл мешіт «бай мешіт» саналды. Ол жерде береке болады. Ауыл тұрғындары мешіттің «бай» болуына септігін тигізеді деп сенемін. Баршаңызға Алла разы болсын, жаңа мешіттерің құтты болсын,-деп тілегін білдірді Бас мүфти.

me161020-2

Мешітте бір мезетте 300 адам Аллаға құлшылық жасауға мүмкіндік алады. Құрылысын жүргізген - Бейбарыс ауылының тұрғындары және "Тоныкөк" ЖШС. Сондай-ақ, мешіттің жанында асхана, имам үйі, таһаратхана және мәйіт жуатын бөлме орналасқан.

cme1610206

- Бұл мешіт - облысымызда ашылған 33-ші мешіт. Биылғы ҚМДБ-ның 30 жылдығына орай мешітке Қасым ханның есімі беріліп отыр. Өйткені, Қасым хан барша қазақ еліне белгілі әрі осы Махамбет ауданының Сарайшық ауылында жерленген деген дерек бар. Мешітіміз жергілікті халықтың бірлігіне, ынтымағына, амандығына үлкен септігін тигізеді деп ойлаймыз. Осы жерден иманды да ибалы ұл-қыздарымыз шыға берсін. Мешітті салуға ат салысқан азаматтарға және бүгін арнайы ашылу салтанатына қатысқан Бас мүфтиімізге рахметімізді айтамыз. Баршасына Алла разы болып, мешіттеріміздің саны көбейе берсін,- деді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

me1610207

Пайғамбарымыз Мұхаммед(с.ғ.с) өзінің қасиетті хадис-шарифінде: «Алла тағала мешітті жақсы көрген пендені жақсы көреді» деген. Тағы бір хадисте айтылғандай, «мешіт салған адам үшін Алла Тағала жаннатта сарай тұрғызады». Мешіт салу - сауабы үзілмейтін сауапты іс. Мешітті салуға үлес қосқан барша азаматтарға Алла разы болып, үзілмейтін сауапқа кенелуге жазсын.

Қ.АЙТҚАЛИЕВ

Суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT