ҰБТ-2024: өзгерістер енгізілді

Оқу-ағарту  министрі   Ғ.Бейсенбаев Қазақстанда мектеп бітіруші түлектер үшін  25 мамырда соңғы қоңырау соғылатынын мәлімдеді.  Ол еліміздегі 186 мың мектеп бітіруші үшін оқу жылының аяқталуына арналған соңғы қоңырау шарасын өткізуді тапсырды.  Министр соңғы қоңырау шарасын жоғары мәдениетпен, ысырапшылықсыз, даңғазалықсыз, рухани адамгершілік деңгейде өткізетіндеріне сенім білдірді.  Оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру, қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша өңірлік білім беру басшыларына дербес жауапкершілік жүктеді.  Министр 2023-2024 оқу жылы 25 мамырда аяқталатынын ескертіп, оқу бағдарламасын жыл бойына табысты меңгерген 3,8 млн астам оқушыны келесі сыныпқа көшіруді тапсырды. «Мектептің 1-11 сынып оқушыларына «Білімім Отаныма» тақырыбындағы бірыңғай сынып сағаттарын өткізу 24 мамырға  жоспарланып,  өткен жылы қыркүйекте енгізілген «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде  қабылданған жоспарға сәйкес  ұйымдастырылуы тиіс», - деді министр.  

Биыл орта мектепті  244 түлек  бітіреді

Аудандық білім бөлімінің басшысы Венера Берікқызының айтуынша, Махамбет ауданы бойынша  2023-2024 оқу жылын жалпы   5758 оқушы аяқтайды.  

-24 мамыр күні  барлық мектептерде  1-10 сынып оқушылары үшін  «Білімім Отаныма»  тақырыбында  бірыңғай  сынып сағаты өтеді.  Бұл сынып сағатында  оқушылар сынып жетекшілерімен  бірге оқу жылын қорытындылайды.   Ал 9-сыныпты 513 оқушы бітіреді.   Мектеп түлектері үшін  соңғы қоңырау шарасы  25 мамыр күні  «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында өтетін болады.  Биылғы оқу жылында  244 түлек мектепті  бітіреді.   Оның ішінде 5-і «Алтын белгіге» үміткер, 11-і «Үздік  аттестатқа» үміткер.  2023-2024 оқу жылы бойынша  ауданымызда 244 түлек мектеп бітіреді, оның 224-і ҰБТ тапсыруға тілек білдіріп отыр.  Қаңтар айындағы  ақылы ҰБТ-ге  208 түлек  қатысып, орташа балл шығармашылықсыз - 65,1 ал шығармашылықпен 58,1 балды құрады.  Наурыз айындағы  ақылы ҰБТ-ға 192 түлек  қатысып, орташа бал шығармашылықсыз-61,7 ал шығармашылықпен-55,6 балды  құрады.  Мамыр-маусым айларындағы ақысыз  ҰБТ-да 224  оқушы тіркеліп жатыр.  ҰБТ Атырау қаласындағы «Нұрсая» ықшам ауданында орналасқан ҰБТ тапсыру пунктінде өтеді.  Түлектер өз өтініші негізінде тіркелген мерзіміне байланысты осы мекенжайға ата-анасымен барып тапсырады-дейді  білім бөлімінің басшысы  Венера Қабышева бізбен әңгімесінде.

Оқу-ағарту министрлігі  11(12) сынып түлектеріне аттестат тапсыру және ерекше үлгідегі «Алтын белгі»  марапаттау 19-22 маусым аралығында  мектептердегі барлық  емтихандар аяқталғаннан кейін өтетінін жазған еді.  Бұдан бөлек министрлік 9-11 сынып түлектерінің қауіпсіздігін, емтиханға сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында  ақша жинауға, салтанатты іс-шаралар, банкеттер ұйымдастыруға, автокөлікпен шығуға  тыйым салынатынын ескертті.  Су тасқыны болған 6 аймақта түлектер үшін ҰБТ бөлек кестемен өткізілетінін  де  Үкімет баспасөз қызметі хабарлады.  Министрлік  биылғы жылы  ҰБТ өткізуге  өзгерістер енгізген. 

Арнайы сертификат иелері қазақ тілінен тест тапсырмайды

Ғылым  және жоғары білім министрлігі «Ашық КҚА» жүйесінде ҰБТ өткізуге қатысты бірқатар өзгерістерді жариялады.  Қазақ тілінен  ҚазТест сертификаты бар түлектер қазақ тілі арнайы пәні мен бейіндік пәннен ҰБТ тапсырудан босатылады. Яғни қазақ тілі пәнінен Қазтест сертификаты бар талапкерлер білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады.  Немесе университетке ақылы негізде түсе алады.  Бүгінгі таңда  мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру мақсатында  көптеген шаралар жүруде.  Мемлекеттік тілді деңгейлік оқыту әдістемесі негізінде оны қоғамдық өмір мен білім берудің  барлық салаларына кезең-кезеңмен  енгізу үлкен маңызға ие болған. Осыған байланысты қазақ тілі бейіндік пәнін не қазақ тілі арнайы пәнін ҰБТ тапсырудан босату мектеп түлектерінің ЖОО-на түсуге  қолайлы жағдай туғызатынын атап өткен.

ҚазТест-ТОЕFJ, IEJTS, TOMER сияқты тілдік білімді бағалаудың халықаралық талаптарына сәйкес құрылған отандық жүйе.   Айталық қазақ тілі пәні қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі, филология, кітапхана ісі мамандықтары үшін бейіндік пән болып табылады. Сондықтан министрлік ҰБТ-ні электронды форматта өткізу кезінде академиялық адалдық принциптерін тағайындады.

Тестілеуге қатысушыларға тыйым салынады:

-Тестілеу әкімшісі рұқсатынсыз аудиториядан(компьютерлік сынып) 10 минуттан көп уақытта шығуға;

-Төтенше жағдай не түлектердің денсаулығына байланысты жағдайын қоспағанда тестілеудің 1, соңғы сағаттарында сыныптан шығуға;

-сөйлесуге, орын ауыстыруға;

-құжаттармен, кез келген тыйым салынған заттармен, оқуға түсушіге жұмыс үшін берілген А-4 формат парағымен алмасуға;

-тестілеу материалдарын, құжаттарды және тест тапсырмасымен жұмыс үшін берілген А-4 парағын аудиториядан алып шығуға, бүлдіруге;

-Аудиторияға қағидалардың 75 тармағында көрсетілген тыйым салынған заттарды алып кіруге, қолдануына;

-тест алдында не тестілеу кезінде шулауға;

-тестілеу тапсырмаларының мазмұнын талдауға, жариялауға;

-Тест пайдаланатын техникаға және қауіпсіздік жүйесіне қасақана зиян келтіруге;

-тест жүйесіне араласу әрекетіне және тестілеуден өтуге байланысты өзге де бұзушылықтарға рұқсат етілмейді.  Компьютер интерфаксіндегі калькуляторларды, Менделеев кестесін, тұздардың ерігіштігі кестесін пайдалануға рұқсат етіледі.  Түлек аудиториядан шыққан кезде кабинетке қайта кірген кезде металл іздегішпен тексерілетін болады.   Бұл құжат 15 сәуірге дейін талқылауда болды.

Су тасқыны болған аймақтарда ҰБТ бөлек кестемен өтеді

Су тасқыны болған 6 аймақтағы түлектер үшін ҰБТ бөлек кестемен өткізілетін болды. Эвакуациялық орталықта болған 4 мыңнан астам бала сауықтыру лагерьлеріне, колледж, университет жатақханаларына, Назарбаев зияткерлік мектептері, Білім-инновациялық лицейлерінің  интернаттарына орналастырылған. Бұған қосымша 4 мыңнан аса орынға резерв дайындалған.  Барлық мекемелер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.  Қажетті дәрі-дәрмек қоры әзірленген. Эпидемиологиялық бригадалар құрып, зардап шеккен  аймақтардағы ауыз су сапасы мен ерекше қорғалатын аумақтар тұрақты бақылауға алынған.

А.Қуанышқалиева

 

 

 

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT