Спорт және еңбек ардагері, бокстан алғашқы бапкер Алфарит Жұмалиевты еске алуға арналған 2010-2011, 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасындағы бокстан облыстық ашық турнир өтті.
Турнирдің ашылу салтанатында БЖСМ директоры А.Дүйсембай, Алфарит Жұмалиевтың шәкірті В.Водинитов, ардагер спортшы А.Қабенов және марқұмның қызы Л.Жұмалиева сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі. Аталған жарысқа облысқа қарасты 7 ауданнан барлығы 250-ге жуық спортшы қатысты.
Қ.Торбаев, М.Қайрош, Ж.Қапуанов, Е.Естаев, И.Дауылбаев жаттықтыратын спортшылар турнирде атой салып, жүлделі орынға ие болды. «Үздік боксшы» номинациясымен Нарұл Руслан (Мақат) мен Байназар Манарбек (Махамбет), «Үздік техникасы үшін» номинациясымен Арман Есенжанов (Махамбет) пен Санжар Мұрат (Құрманғазы), «Жеңіске деген жігері үшін» номинациясымен махамбеттік Азат Серік марапатталды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің медаль, дипломдары және Алфарит Жұмалиевтың жанұясы атынан сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар 2011-2012 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен облыстық іріктеу бәсекесінде аудандық балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Глеб Сумкин жеңімпаз атанып, Қазақстан Республикасының чемпионатына жолдама алды. Санжар Амангелді екінші, Бақдәулет Ибатолла үшінші орынды иеленді.
Қ.АЙТҚАЛИЕВ