Ауданымызда пробация есебінде тұрған жұмыссыздармен кездесу өтті

Жуырда аудандық пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандармен кездесу өтті.

Оған аудандық жұмыспен қамту орталығы директорының міндетін атқарушы А.Төлеген қатысты. Кездесуді аудандық пробация қызметі бөлімшесінің бастығы, әділет капитаны А.Кабдыкайрова ашып, бүгінде пробация қызметі есебінде 48 адам тіркелгенін, оның ішінде 41 адам жұмыс істеп жүргенін, 1-еуі бала күтімінде, ал, 6-уы жұмыссыз отырғанын атап өтті.

Аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы бір адам шетелдік компанияға тұрақты жұмысқа кіріп, қалғандарын да тұрақты жұмысқа орналастыруға жұмыстанып жатқанын тілге тиек етті.

Жалпы бұл кездесуді ұйымдастырудағы басты мақсат – пробация қызметі есебінде тұратын қоғамнан оқшалаумен байланысты емес жазаға сотталған тұлғаларға әлеуметтік – құқықтық көмек көрсету, олардың қайта қылмыс әлеміне оралмауына, қылмыстық істер жасауының алдын алып, сотталғандарды жұмыспен қамту, жұмыссыздық деңгейін қысқарту, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру болып табылады.

А.Молдашева,

Атырау облысы бойынша ҚАЖД аудандық

пробация қызметі бөлімшесінің аға инспекторы,

әділет аға лейтенанты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT