Бұл жүйеге екшелген ақпаратты енгізген жөн

Сарытоғай мәдениет үйінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылын автоматтандыруға арналған Социум ақпараттық жүйесі (Socium AAЖ) және (FSM sociaI) цифрлық платформаларын енгізу жұмыстарын ұйымдастыру, ФСМ мобильдік қосымшасы арқылы жеке жұмыс жоспарын қалыптастыру, оны уәкілетті мемлекетттік органдарға автоматты түрде жолдау процестері пысықталды. Сонымен қатар жеке жұмыс жоспарын іске асыру мониторингінің нақты уақыт режиміндегі жұмыс істеу тетігіне тал­дау жүргізу, техникалық және ұйымдастырушылық кедергілерді анықтау бойынша оқыту семинары ұйымдастырылды.

Оған әлеуметтік орта сарап­тау департаментінің эксперті А.Ташенбаев, бас эксперт Ж.Жоламан, ФСМ өкілі Ә.Орашев, Атырау облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бас ма­маны Р.Талғатова, Мақат аудандық Отбасын қолдау орталығының директоры Ж.Хайруллаева, по­лиция инспекторлары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманда­ры, Махамбет аудандық Отбасын қолдау орталығы, білім бөлімінің әдіскерлері, ауыл әкімдері, аудандық емхана дәрігерлері, медбикелері, мобильдік топ мүшелері қатысты.

Семинар кеңес жұмысын ау­дан әкімінің орынбасары Махам­бет Ербөлек ашып, облыстан кел­ген қонақтарды таныстырып, бұл семинар цифрлық платформаны таныстыруға арналғанын, ауданда Отбасын қолдау орталығы жұмыс жасайтынын, мобильді топтың 57 мүшесі барын айтып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. Семинар­ды одан әрі Мақат аудандық Отбасын қолдау орталығы директоры Жанат Хайруллақызы жалғастырды.

Жанат Хайруллаева бұл семи­нар ФСМ цифрлық платформасын таныстыруға, оны мобильді топ өкілдерінің жұмыс процесіне енгізуге арналғанын баяндады. Бүгінде отба­сы мәселесі өткір тұрғанын, жалпы отбасы қоғамның іргетасы екенін, балалық шақтың жарқын шақтары жанұяда өтетінін, жылы естеліктер қалыптасатынын айтып, 2024 жылдың 15 сәуірінде №72 VIII ҚР Заңына тоқталды. Заң шеңберінде Отбасын қолдау орталығы құрылып, жұмыс жасап жатқанын, ең маңыздысы отбасының, балалар қауіпсіздігі екенін тілге тиек етіп, әр ауданда мобильдік топ барын, оған білім, денсаулық сақтау, полиция, прокуратура, пробация қызметтері кіретінін, олардың атқаратын өз функциялары барын тақтаға жазып тұрып түсіндірді.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Әбенова бала қауіпсіздігін, біліммен қамтылуы тиіс екенін, се­беп-салдарын анықтау, мәселен, отағасы ішімдікке үйір, жеке пәтері жоқ, ата-аналық міндетін дұрыс орындамауы зерделенетінін айтты.

Аудандық емхана қызметкері А.Қазмухашева ол отбасының қоршаған ортаға қауіпсіздігін анықтау, психологиялық көмек ке­рек пе, соны анықтау, бала отбасында зорлық-зомбылық көріп жатқан жоқ па, ата-анасы ішімдікке салынған емес пе, бәрін анықтайтынын айтты.

Аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға учаскелік по­лиция инспекторы, полиция майо­ры А.Елешова отбасын жан-жақты зерттеп, соттың шешімімен бала­ларды есепке алатындарын, ана мен бала қауіпсіздігіне мән беретіндерін, сабаққа қатыспай жүрсе, КДН-ге мәселе қою, бала оқшауланатынын еске салды.

Жанат Хайруллақызы өзінің мемлекеттік қызметте 25 жыл­дай жұмыс жасағанын, отбасын КДН-нан өткізіп алған соң қандай көмек көрсетуге болатынын зер­делеу, бұндағы мақсат баланың болашағына балта шауып, міндетті түрде балалар үйін толтыру емес екенін, әке-шешесін тыңдау да артық етпейтінін айта кетті. Жас балалар 0-3 жастағылар – сәбилер үйі, бала­лар үйіне, 10-18 жастағылар ЦАИ-ға жіберілетінін да ескертті. Ата-ана­мен кім жұмыс жасайды? Әрине, Отбасын қолдау орталығы ата-ана­мен жұмыс жасайды. Ол отбасына психологиялық кеңес береміз. Бір жыл бойы бақыланады. Бұл жұмысқа білім, денсаулық сақтау, пробация қызметі, округ әкімдері де тартыла­ды.

ФСМ (FSM sociaI) цифрлық плат­формасын ФСМ өкілі Әділет Орашев таныстырды. Платформаға кіруден бастап материалдарды, фото-видео­ларды жүктеу, қалай жазуына дейін санамалап түсіндірді. Қиын жағдайға түскен отбасын қолдаудың төрт түрі бар болып шықты. Атап айтсақ, кешенді, консультациялық, зорлық- зомбылық белгілері, жедел. Ол отба­сына барғанда көргендегі жағдайды жазу, мысалы, «емтиханға, сабаққа бармаған, баласы ауырып жүр, киімі жыртық, кір, дене бітімі соғылған» деп 1414-тен смс келеді.

Отбасылық-тұрмыстық, зорлық- зомбылыққа қарсы күрес тобының аға инспекторы, полиция капи­таны А.Сапарғалиева «цифрлық платформаға барлығы тіркеле ме? Мәселен, бір адам он рет шақырту түсіреді, оның бәрі салынуы ке­рек пе? Әлде алғашқы шақыртуды, өмірі қиындық жағдайға түскенді ғана салу керек пе? ФСМ-ға ма­териалы кеткенін ол адам біле ме? Егер келісімін бермесе са­лынбай ма?» сынды сауалда­рын қойды. Бұл сауалдарға ФСМ өкілі Ә.Бақтыбайұлы жауап берді. Міндетті түрде ол адамның келісімі алынуы тиістігін, оған мән-жайды жіті түсіндіру керектігін, ол үйдің ер-әйелі, психолог, заңгер барса да салынатынын қаперге берді. Алды­мен хабарламаны (отзыв) тастау ке­рек. Ол Отбасын қолдау орталығына түседі. Хабарлама шұғыл, кешенді болуы мүмкін.

Мақат аудандық Отбасын қолдау орталығының директоры Жанат Хайруллақызы да өз ойын қосты.

- «Базаны министрліктер, бас прокуратура бәрі қарап отырады. Ең маңызды ақпаратты, өмірлік қиындыққа тап болған отбасыла­рын салған дұрыс. Өйткені, бір ха­барламаны бірнеше рет салғанның еш мәні жоқ. Әрі база толып кетеді. Тек қажетті деген ақпараттар салын­са. Еңбек кодексіне сай Отбасын қолдау орталығы, білім, денсаулық сақтау, полиция, пробация қоян- қолтық жұмыс жасайды. Мобильдік топтар да керек болады. Полиция да бір анақтаманы базаға тастайды. Бұрынғыдай мекемелерге арнайы хат жазу деген жоқ. Бәрі жүйеде тұрады. Ең маңыздысы ақпарат ашықтығы, анықтығы, жүйеде тұруы дер едік. Көбі үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Мен де ҮЕҰ-мен бірге жұмыс жасап келемін. Облыстық басқармаға да хат түседі. Әр адам ФСМ-да тұлға деп есептеледі. Жалпы отбасы құпиялылығы талап етіледі. Кейде тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттері де бар. Тәжірибелі ма­ман өз зонасына ендіреді. Бір жағынан бұл – отбасы саясаты. Кей адамдар «әйелдерді жақтайды, қыз-келіншектер құқын қорғайды» деп жатады. Мемлекетіміз отба­сын қашанда қолдайды. Отбасы құндылықтарын сақтау керек», -деді ол.

Аудандық білім бөлімінің әдіскері А.Әбенова мүғалімдерді заң бойын­ша «Педагог мәртебесіне» байла­нысты демалыс күндері жұмсай ал­майтынын, ол да тұлға, тепе-теңдікті сақтау керектігін, ол үшін мектептер­ге хат жазу керектігін, сол демалыс уақытында жұмыс істесе, үстемеақы алса деген ұсынысын тастады.

Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары А.Сейлова ондай мүмкіндік барын, мұғалім, пси­холог болсын келіскен жағдайда оған үстемеақы төленетінін қаперге берді.

ФСМ өкілі Ә.Орашев министр- лікте бұл сауал көтеріліп, қаралып жатқанын, негізі мақсат отбасын ажырату емес, оны сақтап қалу екенін, отбасы құндылықтары бәрінен маңызды екенін, қандай жағдайда да полиция баратынын, мүмкін ол отбасының азық-түлігі жоқ болар, дәрігер керек болар, бірге барып, соны қарастырған дұрыс деді.

Учаскелік полиция инспекторлары А.Елешова, Е.Жексенгулов күніне төрт реттен шақырту түсетінін, 10 рет шақыртатын отбасылар барын еске салды.

Ж.Хайруллақызы бір отбасы қайта-қайта полиция шақыртып, әлеуметтік желі арқылы Президент аппаратына дейін шыққанын, тіпті бұл отбасыдан әбден мезі болған по­лиция инспекторы оның үйіне ба­рып, отағасына «Отбасын қолдау орталығына бар, саған сыйлықтар береді» деп жұмсап жібергенін, ол жігіт келіп, сөйлесіп, ертеңіне әйелін және төрт баласын ертіп келгенін, олармен де сөйлесіп, сүйемелдеуге алғанын, балаларын балабақшаға орналастырғанын, мәселе оңынан шешіліп, екі ай ішінде полиция шақыртпағанын еске алды. Тағы бір жігіт әйелімен жанжалдасып, аяғы ауыр әйелін түн ішінде шамаданы­мен үйден қуып шыққанын, Атырау қаласындағы Ана үйіне қоңырау шалып, оны дағдарыс орталығына орналастырғанын, онда екі апта тұрып, кейін әйел өз үйіне Шым­кент қаласына кеткенін айтты. Бір адамның басында бірнеше проблема болады. Кейде баратын жер болмай­тыны рас. Мобильдік топ комисси­ясы жұмыс жасауда. Жүйе арқылы орталық жұмыс жасап жатыр.

Семинар жұмысын ФСМ өкілі Әділет Орашев қорытындылап, қатысушыларға алғысын айтты

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT