Біз де полицей болғанбыз...

23 маусым – Қазақстан полициясының кәсіби мерекесіне орай аудандық ішкі істер бөлімі ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарас Қосжановтың ұйымдастыруымен, «Бақлан» демалыс орнында осы саланың ардагерлеріне арналған дастархан басындағы бас қосу өткізілді.

Көптен бері бірін-бірі көрмеген ардагер полицейлер шұрқырасып, табысып, мәре-сәре болды. Алдымен сөз алған Жарас Қосжанов барша ардагерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тіледі. Келесі кезекте Қазақстан Респуб- ликасы ішкі істер органдары мен ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің Атырау облысы бойынша филиалының төрағасы Бақытжан Мыңбаев ішкі істер саласының ардагері, запастағы милиция полковнигі Нәсіпқали Сәменовтің төсіне «Совет милициясына 100 жыл» мерейтойлық медалін қадады. Сонымен қатар запастағы милиция майоры Сәрсенғали Бектеміровке «За службу в милиции» медалін табыстады.

Бұған қоса запастағы милиция аға сержанты Майдан Сұлтановты, запастағы милиция майоры Қуат Қабеновті, запастағы милиция аға сержанты Жұмабай Сұлтанғұбиевті, запастағы полиция старшинасы Сисенғали Хисметуллинді «Алғыс хатпен» марапаттады. Ардагерлер өз аттарынан шараны ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.

Баян СҮЙЕУОВА.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз