Біреудің көлігін байқамай айдап кетіпті

Махамбет аудандық сотында 2018 жылдың 16 наурыз күні сағат 14.50 шамасында спирттік ішімдік ішкен мас күйінде, өзі жолаушы ретінде Атырау қаласына дейін мініп бара жатырған А.В.-ның басқаруындағы «Ваз-21104» маркалы автокөлігін жүргізушінің сыртқа шығып кеткенін пайдаланып, автокөлікті иемденіп кеткен Д-ға қатысты іс қаралды.

Сотталушы Д. өзіне тағылған айыпты толықтай мойындап, жасаған қылмысына өкінетінін айтты. Жәбірленуші А.В. өз жауабында, сотталушы Д. тарапынан қылмыспен келтірілген мүліктік залалдың толығымен өндірілгенін, сотталушыға материалдық залал бойынша талабының жоқтығын, сотталушымен медиация тәртібімен татуласқанын көрсетіп, оны қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған.

Сот қаулысымен Д.ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық әрекеті бойынша қылмыстық жауапкершіліктен жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына және келтірілген зиянның есесін толтыруына байланысты ҚР ҚК-нің 68-бабының 1-бөлігі негізінде босатылды, қылмыстық іс сот өндірісінен тоқтатылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT