Арайдағы арайлы күндер

Жалғансай орта мектебінде биыл екінші жыл жұмыс жасап отырған «Арай» жазғы демалыс лагері өз жұмысын бастады. Бүгінде 1-кезең бойынша 50 балдырған уақыттарын көңілді өткізуде.

Олардың ішінде көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған, жартылай жетім отбасы балалары, сонымен қатар озат оқушыларымыз, «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері бар. Жазғы демалыс лагерінде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмаған. Балалардың уақытын көңілді өткізіп, түрлі іс- шаралар мен спорттық ойындар өткізіп жүрген В.Төлегенова, Д.Қабышева, А.Сиджанова сынды тәрбиешілері және жастар практикасынан өтіп жатқан Айкөркем Мыңжасардың да еңбектері зор. Мектеп жанындағы «Арай» демалыс лагері 1-кезеңінің ашылу салтанатты шарасы мерекелік көңіл-күймен өткізілді.

Салтанатты шараға Махамбет аудандық білім бөлімінің әдіскері Алмурзина Индира Нұрланқызы келіп, шараны ашып, демалушыларға қош келдіңіздер айтып, демалысты қызықты өткізулеріне сәттілік тіледі. Лагерьде балалардың білімдерін, шығармашылықтарын шыңдау мақсатында интеллектуалды сайыстар, зерде бағыты бойынша жобалар өткізу жоспарға енгізілген. Бұған қоса «Арай» жазғы демалыс лагерінде ағылшын тілі бойынша «Funny English» және балалардың өнерлерін, шеберліктерін дамытуға арналған «Қол шебері» атты үйірмелері де жұмыс жасауда.

Балторғын ЖҰМАҒАЗИЕВА,

«Арай» жазғы демалыс лагерінің жетекшісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521