"Біз біргеміз" қорынан 50 мың теңге көмек алған

Елімізге тұтқиылдан келген аты жаман індеттің салдарынан төтенше жағдай жарияланып, санитарлық талаптар қатаңдатылды.

Көптеген мекеме-орындардың жұмысы уақытша тоқтатылып, онлаин қызмет көрсетуге тура келді. "Ертеңіміз не болар екен?" деп елең-алаң күйге түскен осындай сәтте ел басындағы ағаларымыз «бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарсақ, бәрін де жеңеміз» деп халықты сабырлылық танытып, әрқашан бірлікте болуға шақырып, қолдан келген көмектің берілетінін жеткізді.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен «Nur Otan» партиясының өкілдері аз қамтылған, көмекке мұқтаж отбасыларын «Біз біргеміз!» акциясы шеңберінде қолдау шарасын жүзеге асырды. Күнделікті тұрмысымызға қажетті азық-түлік өнімдерімен қатар, «Біз біргеміз» қорынан 50 мың теңге қаржылай көмек көрсетіп, шын мұқтаж жандардың шексіз алғыстарына бөленді.

Осы тұста мен де «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы ұжымына ел басына туған сын сағатта халықпен бірге болғандары үшін үлкен ризашылығымды білдіргім келеді.

Еңбектеріңіздің жемісін көріп, әрқашан халықтың алғысына бөлене беріңіздер.

Алия Бекбалуова,

аудан тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз