Біржақты ұстаным, бірліктен айырады!

Махамбет аудандық ақпараттық түсіндіру тобының 1-тоқсандық жұмыс жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың 26 наурызында аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында кездесу өтті. «Дәстүрлі діни бағыттың құндылықтарын жеткізе отырып, радикалды діни ағымдар жетегінен сақтандыру» тақырыбындағы кездесуге  ақпараттық топтың жетекшісі, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Аруев, «Жәрдем-Атырау» коорпоративтік қорының теолог-маманы Н.Ибайдуллаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы А.Қуаныш, Аудандық «Қоғамдық кеңес» төрағасы А.Есенғалиев, «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің басшысы А.Қонысбаев. О.Шонаев атындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Қ.Түсекенов қатысты. 

Кездесуде радикалды топтардың елдің тұтастығына әсері, діни сауаттылық пен ұлттық тәлім-тәрбие тақырыбында өзекті мәселелер айтылды.

«Радикалдық ұстаным тек қазақ елі үшін ғана емес әлем үшін де әрдайым қауіпті. Себебі өзге адамның діни сеніміне күшпен ену арқылы жол табу бейкүнә адамдардың өмірін қиюға алып келуі мүмкін. Ал бұл адамзат алдында кешірілмес қылмыс. Өзге адамдардың діни құлшылығын мансұқтап, тек меніңкі ғана дұрыс жол деген жаңсақ пікірден сақ болып адамгершілік, ар-ожданымызды сақтайық» -деді жиын барысында «Қоғамдық кеңес» төрағасы А.Есенғалиев.

Ал, «Жардем-Атырау» қоғамдық қорының теолог-маманы Нұрбек Махмудұлы:

«Дін – қоғамды белгілі бір деңгейде қалыптастырушы, ортақ тәртіпті сақтаушы, адамдарды ізгілік пен махаббатқа біріктіруші құрал ретінде өз қызметін атқаруда. Сонымен қатар әрбір азамат пен азаматшаның діни ерік бостандығы халықаралық ұйымдардың және мемлекет заңымен берік қорғалған. Яғни қандай да бір қоғам өкілі христиан немесе ислам дінін қабылдаймын десе өз еркі дегенге саяды. Тарихи хронологиялық кесте бойынша адамзатқа түскен ең жас дін – әрине ислам діні. Ислам діні – барша халықты бірлікке, ынтымаққа шақырушы бейбітшілік діні. Себебі Құран Кәрім аяты мен хадис шәріптерге назар аударар болсақ өзге дін өкілі болмақ түгілі өзге мұсылманның қанын төгуді арам санаған және Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) өсиетінде: «Дінде зорлық жоқ. Дін насихат»,-деп мұсылмандарға хақ жолды баяндап кетті.» - зайырлы қоғамда адамның дініне де діліне де нұқсан келетін әрекет жасамаған абзал екенін түсіндірді. Кездесуге қатысушылар да мамандарға өз кезегінде сауалдарын қойып, жауап алып, өзара пікір алмасты.

А.САТАЕВА

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT