Бірлік пен мейірімге негізделген жұмыс

Өткен аптада Қазақстан халқы Ассамблеясына қарасты аудандық Аналар кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті. Ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Аруев төрағалық еткен жиында 2025 жылдың есебі тыңдалып, жаңа жылдың жұмыс жоспары таныстырылды.

- Аналар кеңесі қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайту, ана мен бала мүддесін қорғау, жас ұрпақты ұлттық тәрбие негізінде тәрбиелеу бағытында жүйелі әрі ауқымды жұмыстар жүргізді. Жыл бойы атқарылған іс-шаралар аналардың қоғамдық өмірдегі белсенділігін арттырып, тәрбие мәселесіне деген жауапкершілікті күшейтті. Есепті кезеңде Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен тәрбиелік, әлеуметтік және түсіндіру бағытындағы бірқатар кездесулер өтті. Атап айтқанда, отбасындағы тәрбие, бала қауіпсіздігі, ұлттық салт-дәстүрді сақтау тақырыптарында дөңгелек үстелдер мен ашық диалог алаңдары ұйымдастырылды. Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мәселесі, рухани-мәдени бағыттағы жұмыстар да назардан де тысқары қалмады. Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында салт-дәстүрге негізделген тәрбиелік кез¬десулер, аналардың өмірлік тәжірибесін жастарға үлгі етуге арналған шаралар ұйымдастырылды, - деп атап өтті Н.Аруев. 

Аналар кеңесінің атқарған жұмыстары жан-жақты сараланып, алдағы кезеңге нақты міндеттер белгіленді. 2026 жылы отбасы институтын нығайтуға, ата- ана жауапкершілігін арттыруға және қоғамдағы тәрбиелік жұмыстарды жаңа деңгейге көтеруге Әжелер кеңесімен біріге отырып басымдық берілмек. 

Махамбет аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Т.Сариева ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Әжелер алқасының төрайымы Д.Нұржанова аналар мен әжелер кеңесінің бірлікте жұмыс жасайтынын қуанышпен жеткізді. Жиын соңында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Аруев белсенді жұмыс жасаған Аналар кеңесінің төрайымдарын «Алғыс хатпен» марапаттады. “Ақ кимешек” Әжелер ансамблінің сазды құттықтауы қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 

Ш.ТӨЛЕГЕНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT