Білім экономикасы – жаңа дәуірдің бағыты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында еліміздің білім экономикасына көшіп жатқанын атап өтіп, ғылым мен инновацияны басқару тәсілдерін өзара үйлестірудің маңызын ерекше айтты.

 Бұл – еліміздің болашағына бағытталған стратегиялық көзқарас.
Бүгінде әлем елдері білім мен технология арқылы даму көшін бастап келеді. Сол үрдісте Қазақстанның да өз орнын айқындауы заңды. Өйткені жаңа ғасырда табиғи ресурстар емес, ақыл-ой мен идея, білім мен жаңалық елді алға жетелейді. Президенттің бұл бастамасы – білім саласындағы реформалардың нақты бағытын айқындап, әр салада білікті маман даярлауға жол ашады.

Ауылдық аймақтар мен аудандық деңгейде де осы өзгерістерді жүзеге асыру маңызды. Жастардың жаңа технологияларға қызығушылығын арттырып, инновациялық жобаларға тарту – уақыт талабы. Мұғалімдердің кәсіби дамуына, оқушылардың зерттеушілік қабілеттерін ашуға көңіл бөлу – елдің интеллектуалдық әлеуетін күшейтеді.

Жолдауда айтылған әр бастама – ұлттың келешегін айқындайтын бағдар. Сондықтан бізге білім мен ғылымды ұштастырып, заманауи ойлайтын, жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу – ең басты міндет. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асса, еліміздің білім экономикасына көшу үдерісі қарқынды дамитыны сөзсіз.

Ж.САРСЕНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT