Сарайшық ауылы тұрғындардың белсенділігі жоғары

Сарайшық ауылындағы №1 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ғимаратында орналасқан №224 референдум учаскесінде саяси науқан жоғары деңгейде өтуде. Референдум учаскесі төрағасы Гүлжанат Жаймағамбетованың сөзінше, түскі сағат 12:30-ға дейін 110 азамат өз таңдауын жасап үлгерген.

— Жалпы Сарайшық ауылының тұрғындары ел болашағына қай кезде де бейжай қарамаған. Бүгінгі жалпыхалықтық референдумға да халықтың қатысы жоғары. 2006 жылы туған Ернұр Ермекқалиев ең жас дауыс беруші болса, 76 жастағы қарт анамыз Қарлығаш Қобыланова да аяқтай келіп, таңдауын жасады. Ыбыраевтар жанұясы түгел отбасы мүшелерімен келсе, ардагер ұстаз Шәмшіқамар Құрманғалиеваға кәсіби мерекесіне орай гүл ұсынылды. Жалпы дауыс беру қалыпты жағдайда өтуде,- дейді учаске төрағасы.

Айта кетейік, жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де басталған дауыс беру 20:00-де аяқталады.

Қ.БАҒЫТ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT