Қазақтың қара жерінің қадірін, қасиетін біліп осыдан 20 жыл бұрын Атырау өңіріне алғашқы ағашын отырғызып, дәнін сеуіп, бүгінде соның жемісімен өзін де өңірді де жарылқап отырған еңбекқор жандардың бірі республикаға, Каспий өңіріне кеңінен танымал кәсіпкер Владимир Розметов Федорович.
Экспортқа шығып отырған Розметовтың танымал алма бағында апорт тұқымдас алманың 32 түрінен 700 дей ағаш отырғызып, жылына 500 тоннаға жуық өнім алынады «АтырауАгроөнімдері» ЖШС-ін, ТОО «Сүйіндік» және АО «Жас қайрат» асыл тұқымды қой өсіру шаруашылықтарын қосқанда Владимир Розметов 800-дей адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
Алма бағының өзіне жиын-терім уақытында оқушыларды жұмысқа алып, ақысы мен алмасын қоса береді екен. Сарайшықтың киелі жазық даласында, тек тропикалық аймақта өсетін лимон ағашын егіп, жайқалып тұр. Әрқайсы 1 га аумақты алып жатқан 10 жылыжайда биыл 3-ші жыл лимон ағашы гүлдеп, түйнек жаруда. Голландиядан әкелінген ерекше сорттың қышқылдығы да төмен.
-Арманым өте көп, бірақ солардың бірі осы өлкеге жаңғақ ағашын өсіру еді. Бірақ, кейбір мамандардың қате пікірін тыңдап, климат қолайсыз деп екпей тастадық. Қателескен екенбіз. Бірер жыл бұрын тәуекел деп еккен жаңғағым бүгінде жеміс бергелі тұр. Тағы бір өкінішім кәсібімді енді бастаған тұста, мен атақты Сарытоғайдың алма бағын алып, жандандырғым келді. Алайда, белгілі себептермен жолыма кедергі болды. Қазіргі жеріме дән ризамын. Қазақтың жері ешқашан жаман болмаған, мұнда туған жандардың арманы жоқ,-деп жауап берді.
А.Сатаева