Ауданда атқарылған ауқымды істердің бірі – Бейбарыс ауылында жаңа әкімдік ғимаратының бой көтеруі. Жаңа нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев, аудан әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, ауылдық округ әкімдері, ауыл тұрғындары мен ауыл ақсақалдары қатысты.
Жаңа әкімдік ғимараты — бұған дейін ескі нысанда жұмыс істеп келген мамандар үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында салынды. Заманауи талаптарға сай бой көтерген бұл ғимарат барлық қажетті құрал-жабдықтармен және инженерлік жүйелермен қамтамасыз етілген.
Ғимарат ауыл әкімдігі қызметкерлерінің тиімді жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, тұрғындарға сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.
Алдағы уақытта аудан көлемінде тозығы жеткен ескі нысандардың орнына осындай жаңа, заманауи ғимараттар салу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге аса бермек. Бұл — ел игілігі үшін атқарылып жатқан ілкімді істердің бір парасы.