АЛҒА АУЫЛЫНДА ЖАҢА ӘКІМШІЛІК ҒИМАРАТЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Махамбет ауданы Алға ауылында жаңа әкімшілік ғимараты пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа нысанның ашылуымен құттықтады.

 

Заманауи талаптарға сай салынған жаңа әкімдік ғимараты ауыл тұрғындарына сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге және қызметкерлердің тиімді жұмыс істеуіне толық мүмкіндік береді.

 

Бұл – халық игілігіне бағытталған, ауданда атқарылған нақты істердің бір көрінісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT