Басты мақсат – жұмыспен қамту

Махамбет ауданы прокуратурасының ұйымдастыруымен аудандық пробация есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек  көрсету, олардың қайта қылмыс жасауының алдын алып, олардың тұрақты жұмысқа қабылдануын қамтамасыз ету мақсатында жиын өткізілді.

Жиынға аудан прокуратурасының прокуроры М.Өмірбайұлы, аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы А.Төлеген және пробация қызметі тобының қызметкерлері қатысты.

Аудандық пробация қызмет тобында ағымдағы жылы есепте тұрған  24 сотталғанның бүгінде 1-і бала күтімінде, 4-і белгілі бір қызметтерді атқаруға немесе белгілі бір іс-әрекетпен шұғылдануға тыйым салынған, 18-і жұмыспен қамтылып, әзірге 1 адам жұмыссыз.

Жиын барысында сотталғандарға жұмысқа орналасу, оқыту және мамандық алу арқылы қайта оқыту мәселелері бойынша түсінік берілді. Пробация есебінде тұрғандар өз сауалдарын қойып, тиісті жауаптарын алды.

Махамбет ауданының прокуратурасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521