«AMANAT» партиясы Махамбет аудандық филиалына қарасты 11 бастауыш партия ұйымдарында партияның жаңа саяси тұғырнамасын түсіндіруге арналған жиын өтті.
Жиын барысында партия мүшелері партияның бағыт-бағдарын, ұстанымын айқындайтын негізгі идеологиялық күш болып табылатын Саяси тұғырнаманың басты бөлімдеріне жеке тоқталып, жан жақты талқылады. Атап айтқанда, «Адам-қоғам-мемлекет», «Азаматтық қоғам – дамудың кепілі», «Мемлекет және біз» бөлімдерінде айтылған ойлар көпшіліктің көңілінен шықты. Партияның басты міндеті - дәулетті, қоғамы ашық, мемлекеті мықты Қазақстанды құрып, әділдік пен ізгілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсібиліктің әрбір қазақстандықтың талассыз таңдауына, өмір сүру талабына айналуы жолында жұмыстану болмақ деген бағыттағы ой-пікірлер айтылды.
Жиын соңында «AMANAT» партиясы Махамбет аудандық филиалының кезектен тыс XХХVІІ конференциясына делегат сайлау жөнінде ұсыныстар беріліп, кандидатуралар бірауыздан мақұлданды.