Ауданда жазғы мектеп өз жұмысын бастады

Жазғы демалыс-жан саулығы.

Міне, тағы да бір оқу жылы аяқталып, балалар жазғы демалысқа шықты. Бірі жазғы мектепке барса, енді бірі мектеп жанындағы лагерьде тынығады. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Гүлнар Хасанның айтуынша, жазғы лагерьлер өз жұмысын маусым айынан бастаған.

-«Жазғы сауықтыру-2021»-ге байланысты 15 мектепте тамақтандыратын және тамақтандырусыз ІТ, тілдік, бейіндік, дебаттық, құрылыс жөндеу, көгалдандыру, жас шабақ құтқарушылар, агрожасақ, орман-тоғай,шипайжай үлгісіндегі шатырлы лагерьлер, «Жас Ұлан» лагері жұмысын бастайтын болды. Лагерьлерде тынығатын бала саны бас санитар дәрігердің қаулысына сай қамтылады. Ол мектептерге Е.Ағелеуов, О.Шонаев, Қ.Қалыбеков, А.Байтұрсынұлы, Қосарал, Алға, Қ.Ахмедияров, Қ.Қарашаұлы, Қызылүй, Жалғансай, Есбол, Ақтоғай, Талдыкөл, Д.Төленов мектеп-гимназиясы,Еңбекшіл негізгі мектебі кіреді. Сарытоғай ауылындағы «Арай» демалыс лагері де іске қосылып, балаларды қабылдайтын болды, -дейді Г.Хасан.

Жалпы лагерь - әртүрлі жарыстарға қатысып, баланың ашылмай жүрген талантын, белгілі бір қабілетін ашатын орын. Жазғы демалыс-жан саулығы. Кезінде еңбек-тынығу лагері де болды. Бір мезгіл балалар лагерь маңында жұмыс істеп, белгілі бір мөлшерде табыс табатын. Жазғы лагерьлерді жаңаша ұйымдастыру қажет сияқты. Лагерь балалар денсаулықтарын нығайтып, дене тәрбиесін шыңдап, күш жинауға, білімін толықтырып, жаңа әсер алуына ықпал жасайды.

Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Венера Қабышеваның сөзіне сүйенсек,жалпы жазғы мектепке аудандағы 15 мектептің 12-сі қатысып жатқан көрінеді.

- Оның ішінде 1-4, 5-11 сынып оқушылары ниет білдірді. Ол 19 маусымға дейін созылады. Атап айтсақ, 1-4 сыныптан О.Шонаев мектебінен-36, Алға мектебінен-32,Жалғансайдан-28, Қ.Қалыбековтен-22, Талдыкөлден-18,Ақтоғай, Қ.Ахмедияров, А.Байтұрсынұлы мектептерінен-17, Д.Төленов мектеп-гимназиясынан-13, Қосаралдан-6 бала ғана. Ал 5-11 сыныптар бойынша О.Шонаев мектебі 41 оқушымен көш бастап тұр. Одан кейін Д.Төленов мектеп-гимназиясы-30, Жалғансай-28, Қосарал-22, Алға-20, Қ.Ахмедияров-19, Е.Ағелеуов-14,А.Байтұрсынұлы-13, Қ.Қалыбеков, Қ.Қарашаұлы-10, Ақтоғай-6. Үш мектеп жазғы мектепке қатысқан жоқ. Айтып өткенімдей, жазғы мектепке ниет білдірген барлық бала қатыса алады. Бұл мектепке сабақ беретін мұғалімдерге қосымша ақша бөлу жоспарланбаған. Педагогтар осы жылға бекітілген жүктеме аясында жұмыс істейтін болады, - дейді В.Қабышева бізбен әңгімесінде.

Иә, жазғы мектеп те, тынығу лагері де оқушы үшін қажет-ақ. Бұл балаға жасалар қамқорлық-ел ертеңін ойлау мақсатында туындаған жоба десек қателеспейміз.

А.ҚУАНЫШҚАЛИЕВА

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521