Ауданда «Үміт» тренажер залы ашылды

Оны аудан кәсіпкері, параолимпиада ойындарының жеңімпазы, теннисші, жаттықтырушы Мухадия Куангереев ашып отыр

 Оны аудан кәсіпкері, параолимпиада ойындарының жеңімпазы, теннисші, жаттықтырушы Мухадия Куангереев ашып отыр,- деп хабарлайды zh-shugylasy.kz

umit100221

-Жақында “Бизнестің жол картасы - 2025” бағдарламасы шеңберінде 1,8 млн.теңге көлемінде қайтарымсыз қаражат алған болатынбыз. Мақсатымыз «Ержүректілер» спорт клубын кеңейтіп, яғни соның жанынан осы “Үміт” жаттығу оңалту орталығын ашып, аудан тұрғындары арасындағы жаңадан инсульт алған, арбаның көмегімен жүретін жас ерекшелігіне байланысты өздігінен орнынан тұра алмайтын балаларға және ересектерге де арналған құралдар арқылы жаттығу жасауға бағытталады.

umit-100221-

Осы құрылғылармен кезең-кезеңімен жаттығулар жасап көмектесеміз. Ғимаратымыздың тарлығына байланысты аудан тұрғындарын толық қамти алмай отырмыз. Бірақ қазіргі уақытта осы спорт клубымызға келіп жүрген 22 спортшымызбен жаттығуды бастадық. Бір айта кетерлігі 1-16 жас аралығындағы балаларға тегін, ал 16 жастан жоғары ересектерге қолжетімді бағада қызмет көрсетеміз. Сауықтыруға арналған құрылғылар мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында көп сұранысқа ие ,- дейді Мухадия Куангереев.

um100221-3

Ендеше, кәсіпкерімізге іске сәт дейміз.

«Жайық-Ақпарат»

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521