Барша қазақстандықтармен біргеміз

Қазір қазақ елі ғана емес бүкіл дүниежүзі елдері ауыр кезеңді бастан кешіруде.

Осындай қиын шақта Елбасы Н.Назарбаев та үндеу жариялап, ауызбірлік танытып, ұйымшылдық көрсетуіміз керек екенін айтуда.

Коронавирус дертін жұқтырғандар саны күннен-күнге өршіп, адамзат баласына үлкен қауіп төндіруде.

Әлем бойынша 1,5 миллион адам осы дертті жұқтырып, 75 мың адамның өмірі қиылды. Бұл дерт біздің елді де айналып өткен жоқ. Бізде де дертке шалдыққандар күннен-күнге өсіп келе жатыр. Бірақ Мемлекет басшысының осы аурудың алдын алуға бағытталған ауқымды шараларының арқасында қазір бізде жағдай қалыпты деп айтуға болады. Президент Қазақстан халқына үндеу жолдап, осындай қиын сәтте халықтың ортасында екенін, әр қазақстандықтың мұң-мұқтажы ескерілетінін, халқын қиындықта қалдырмайтынын атап өтті. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдаудың бірнеше пакеттері ұсынылуда.

Елбасы да өз үндеуінде осындай қиын сәтте халықтың ортасында екенін, әр қазақстандықтың мұң-мұқтажы ескерілетінін, халқын қиындықта қалдырмайтынын атап өтті. Бәріміз бір кісідей ұйымдасып, талаптарды орындау жолында жұмыстанайық. Ең бастысы сабыр сақтайық.

Біз барша қазақстандықтармен біргеміз.

Асқар Құрманбаев,

Махамбет ауданының Құрметті азаматы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT