Балық шабақтары құтқарылды

Биыл көктемгі өр суының деңгейі өткен жылдармен салыстырғанда ерте және көп мөлшерде келді. Қазіргі уақытта су деңгейінің көрсеткіші 730 см., былтырғы деңгейімен салыстырғанда 135 см-ге артып тұр.

Судың келуі өрістеуге шыққан балықтарға өте жақсы, себебі, су Жайық өзенінің өз арнасынан тасып жайылады. Сол жайылымдар балықтарға уылдырық шашуға қолайлы, біріншіден, судын температурасы тез көтеріліп, шабақтардың дамуына, екіншіден, ағынсыз суда уылдырықтың даму қарқыны көбейеді.

Қазіргі таңда аудан көлемінде 20 су айдыны бар. Оның ішінде он сегізі Алмағамбет, Қоржын, Ұлышығанақ, Гагушкин, 15-ауыл, Қызыл-Жар, 12-ауыл, Петрушкин, 10-ауыл, 9-ауыл, Қарашығанақ, 8-ауыл, Төлеп-қарасу, Сарайшық, Қаратал, Бақсай, Сборный, Глухой су айдындары жыл бойы сумен тұрады. Өткен жылы тек қана 10 су айдынына құйылған болатын. Және кеуіп кететін жайылма сулар да бар. Әр селолық округ аймағында 3-5-ге дейін.

Жаз, күз уақыттарында су деңгейі түсіп, Атырау-Орал, Махамбет- Х.Ерғалиев тас жолдары бойындағы жайылма сулар мен су жүйелері (канал) бойындағы үзіліп қалған сулардың ішінде көп мөлшерде балық шабақтары қалып қойғандықтан, дереу балық инспекциясы бөлімінің қызметкерлерінің бастамасымен, табиғат пайдаланушылар, жергілікті атқарушы органдар және әр селолық округ еріктілері мен «Казсушар» мекемесінің қызметкерлерінің күшімен барлығы 256 000 дана балық шабақтарын аулап, тірі күйінде қолмен тасымалдау арқылы Жайық өзеніне жіберу жұмыстары атқарылды.

Н. БАҒЫТЖАНОВА,

аудандық балық инспекциясы

бөлімінің бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT