Аудан көлемінде әкімшілік полиция, жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары, ювеналдық полиция қызметкерлері мен төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызмет бөлімдерімен бірлесіп, заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, жою, әкелу, әкету тәртібінің сақталуын тексеру, сертификатталмаған өнімді көтерме жеткізушілерді анықтау бойынша ағымдағы жылдың желтоқсан айының 5-нен бастап «Пиротехника» жедел- профилактикалық іс-шарасы басталды. Іс-шара 2025 жылдың 3 қаңтарына дейін жалғасады.
Әрбір әкімшілік аймақ бойынша учаскелік полиция инспекторы сауда орталығы, дүкендерге хабарламамен ескертіп, сертификатталмаған пиротехникалық өнімдерді қатаң бақылауға алып, тексереді. Балалар арасында жарақаттануды болдырмау, қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметке түскен полиция жасақтары, учаскелік полиция инспекторлары, сондай-ақ мектептегі полиция инспекторларының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ювеналдық полиция қызметкерлерінің оқу орындары аумағында пиротехникалық бұйымдарды пайдалану және жолын кесу бағытындағы жұмыстары күшейтіледі.
Тексеру нәтижесі көрсеткендей, аудан көлемінде пиротехникалық өнімдерді сататын сертификатталған сауда орны жоқ, яғни пиротехни- калық өнімдерді әкелу, сақтау, сату және пайдалану заңсыз болып табылады. Егер заң бұзушылықтар анықталған жағдайда азаматтарға ҚР-сы ӘҚБтК-нің 196 бабымен (тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз сауда жасау, яғни еркін сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау), ҚР-сы ӘҚБтК-нің 436 бабы, 2-3 бөлігімен (елді мекендерде пиротехникалық заттармен оларды қолданып жасалған бұйымдарды ұшыру), ҚР-сы ӘҚБтК-нің 483 бабы, 1-2 бөлігімен (азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалған бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу және әкету тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Біздің міндетіміз – пиротехни- калық өнімдермен болатын төтенше оқиғаларды, соның ішінде жасы кәмелетке толмағандармен жасалатын оқыс оқиғалардың алдын алу болып табылады.
Е.ЖУМАГАЛИЕВ,
аудандық полиция бөлімі әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры