Балама жазылуды қолдаймыз

«Жайық шұғыласы» газеті сонау сұрапыл соғыс жылдарынан бері махамбеттіктермен бірге жасасып келе жатқан байырғы басылым.

Ата буын, аға буын, жас буынның тарихы осы басылым бетінде қатталып келеді. Ауданға қатысты барлық салада атқарылып жатқан жұмыстар газет бетінен көрініс тауып, жылт еткен жақсы жаңалықтың барлығы аудан тұрғындарына айна қатесіз жеткізілуде. Сондықтан туған жерін сүйетін әр азамат аудан айнасына жазылуды өзінің патриоттық міндеті деп санауы керек.

Редакция ұжымы биыл балама жазылуды қолға алуда. Жаңа бастаманы қос қолдап қолдауға әзір екенімізді білдіріп, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі мемлекеттік қызметшілердің арасынан бірінші болып ұжымымызбен толықтай «Жайық шұғыласына» жазылдық. Өзге бөлімдерді де ұжым болып жазылуға шақырамыз.

Мұрат ЕРШІКОВ,

аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы,

жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521


Меншік иесі: "Атырау-Ақпарат" ЖШС.
Махамбет селосы, Абай көшесі 10.
тел. 2-11-34, 2-13-49
Факс: 2-11-34
Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

© 2023 Жайық Шұғыласы газеті. Барлық құқық қорғалған. Материалдарды рұқсатсыз көшіруге қатаң тыйым салынады.

Әлеуметтік желілеріміз