ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күніне екі күн қалғанда «Ардагерлер туралы» Заңға қол қойды.
Жалпы жаңа Заңда ардагерлердің мәртебесі айқындалып, оларға көрсетілетін көмектердің дәрежесі жан-жақты анықталып, нақтыланған.
Заң бойынша ардагерлер санатына Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушылардан бөлек, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарға қатысушылар, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген адамдар және еңбек ардагерлері кірген.
Махамбет ауданында бүгінгі күні Ұлы Отан соғысы ардагерлері қалмағаны белгілі. Ал 30 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек аудандағы 149 тыл ардагерінің барлығына төленді. Атырау облысы Махамбет аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы №138 шешіміне сәйкес «1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамырды қоса алғанда кемінде 6 ай жұмыс істеген» және «Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен қалтқысыз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталмаған» адамдарға берілген болатын,-дейді аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және Азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары А.Сейлова.
Қ.Айтқалитегі