Балаларға қуаныш сыйлады

Фото: zh-shugylasy.kz

Наурыз мерекесі қарсаңында №2 мектеп-интернат ауласына ақшаңқан киіз үй тігіліп, «Қош келдің, әз Наурыз!» атты мерекелік шарасы өтті.

Шараны мектеп-интернат дирек­торы Үміт Қабазова ашып, барша жиналғандарды, балалар мен ата- аналарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Ақ кимешекті анала­рымыз шашу шашып, биші қыздар «Шашу» биін дөңгелене биледі.

Облыстық білім беру басқармасының бас маманы Қадыржан Сапаров және білім беру басқармасының әдістемелік орталығының инклюзивті және арнайы бөлім басшысы Гүлжанар Кубиева жиналғандарды мереке­мен құттықтап, қашанда жоғары жетістікке жетуге тілектестік білдірді.

Одан әрі шара мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты. Артур Бала­шов «Наурыз-көктем» әнін шырқаса, Асуланқызы Амина мен Амира­лар «Қазақ» биін дөңгелене би­леп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Гүлім Сергей «Құттықтаймын мама!» әнін тамылжыта орындағанда қол соқпаған жан қалмады. Егіздер Абдрахим, Абдрахман Қанатұлдары «Ана» әнін шырқауымен есте қалды. Сонымен қатар Нұрасыл мен Бекасыл «Гүл-көктем» әнімен жұртшылықтың көңілінен шықты. Мерекелік шара мұнан әрі спортзалдағы ұлттық ойындарға жалғасты. Бұл жерде бала­лар арқан тартыс, қазақша күрес, бес тастан сынға түсті. Арқан тартысқа ата-аналар да белсене қатысты.

Жиналғандар киіз үйдегі ұлттық тағамдар наурыз көже мен бауырсақтан дәм татып, ақ тілектерін жолдады. Ата-ана Тимур Дюсенгалиев өзінің Құлсарыдан келіп отырғанын, ұлы Абдуррахимнің осы мектепте оқитынын, мектепке көңілі толаты­нын, мұнда білім алам деген балаға бар жағдай туғызылғанын, үнемі ұлы ұстаздарын аузынан тастамайтынын, баласының биге икемі барын біліп, өнерге бейімдеп жатқан ұстаздарына алғысын жаудырды. Сол сияқты өзге де ата-аналар сөз алып, мектеп-интер­нат ұжымына алғыстарын жаудырды.

А.ТЕКЕБАЙ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521